1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ пен "ТВЭЛ" ашық акционерлiк қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) арасындағы 2000 жылғы 17 қарашадағы N 18 ұзақ мерзімді келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес 235-уранның изотопы бойынша 3,0% + 0,05% байытылған
- 4004 кг U мөлшеріндегі отындық таблеткалардың (СЭҚ ТН коды 2844 20 290) экспортына рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ-қа осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімін Қазақстан Республикасынан экспорттауға лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімді кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетіне жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.