Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 ақпан N 251

Қолданыстағы
      Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрылсын.
      2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
      1) "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;
      2) "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткiзу.
      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi

заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
     1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
     2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн 
қамтамасыз етсiн;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай 
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" 
(Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi"
бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 519-1 және 519-2-жолдармен 
толықтырылсын:
     "519-1 "Олимпиадалық даярлау
     орталығы" қазыналық кәсiпорны                      Алматы қаласы
     519-2 "Спортшылардың допингке
     қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы";


      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 P000001_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және 
спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21 және 22-жолдармен 
толықтырылсын:
     "21. "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны 
     22. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.