Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 ақпан N 205

Жаңартылған
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1

сәуiрдегi  

Z990357_

  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы 
етеді:
     1. Қоса беріліп отырған 1-5-қосымшаларға сәйкес Қазақстан 
Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң 
республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары 
бекiтiлсiн. 
<*>

     Ескерту. 1 тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.29. N 205a          
              қаулысымен.  

P020205a

 а
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                    2002 жылғы 12 ақпандағы
                                    N 205 қаулысына
                                          1-қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
     демография жөніндегi агенттiгi
     Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
     
          "Әкiмшiлiк шығыстардың" 2002 жылға арналған 001
                     бюджеттiк бағдарламаның
                            ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 65060 мың теңге (алпыс бес миллион алпыс мың теңге).


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Z990453_ Заңының 21-25-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 U010575_ Жарлығы; "Штат саны лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 P020039_ қаулысы; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мәселелерi" жөнiндегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi N 1020 P991020_ қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының

Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi әкiмшi орталық аппараттың 
және аумақтық органдардың қызметiн өздерiне жүктелген мiндеттердi
барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзуi үшiн қамтамасыз ету.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының 
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты мен 
аумақтық бөлiмшелерiнiң аппараттарын ұстау.
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
 !       !ның  !                 !                     !      !
 !       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7     
---------------------------------------------------------------------------
1         001    Әкімшілік
                 шығыстар
     
          001    Орталық          Қазақстан Республи.   Жыл    Қазақстан
                 орган            касының Көші-қон      бойы   Республика.
                 аппараты         және демография              сының Көші-
                                  жөніндегі агенттігі.         қон және 
                                  нің орталық аппара.          демография
                                  тын 25 бірлік құра.          жөніндегі  
                                  мында бекітілген             агенттігі.  
                                  штат саны шегінде  
                                  ұстау
2         002    Аумақтық         Қазақстан Республи.   Жыл    Қазақстан
                 органдар         касының Көші-қон      бойы   Республика.
                 аппараты         және демография              сының Көші-
                                  жөніндегі агенттігі.         қон және
                                  нің аумақтық бөлім.          демография
                                  шелерін 120 бірлік           жөніндегі  
                                  құрамында бекітілген         агенттігі.
                                  штат саны шегінде
                                  ұстау
---------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан 
Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне және оның 
аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы 
орындалуы.
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                    2002 жылғы 12 ақпандағы
                                    N 205 қаулысына
                                          2-қосымша
     
     
     Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
     демография жөніндегi агенттiгi
     Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
     
           Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография
       жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құрудың 2002 жылға
              арналған 600 бюджеттiк бағдарламасының 
                           ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 12652 мың теңге (он екi миллион алты жүз елу екi мың теңге).


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiн есепке алудың бiрыңғай автоматтандырылған деректер банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 P000991_ қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық

бюджеттiң қаражаты.
     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Көшi-қон 
және демография жөнiндегi агенттiгiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру 
техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, 
жергiлiктi-есептеу желiсiн ұйымдастыру.
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
 !       !ның  !                 !                     !      !
 !       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7     
---------------------------------------------------------------------------
1   600         ҚР Көші-қон және  18 дана компьютер,    2002 ж. ҚР Көші-
                демография жөнін. 18 дана принтер,      ақпан-  қон және
                дегі агенттігінің 1 дана сервер,        маусым  демография
                ақпараттық жүйе.  1 дана көшірме                жөніндегі
                сін құру          жасағыш аппарат,              агенттігі
                                  18 дана сканер,
                                  18 дана модем,
                                  1 дана желілік
                                  жабдық сатып алу.
---------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан 
Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің және аумақтық 
органдарының аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз 
ету. Жұмыс орындарын автоматтандыру, жергілікті желілер құру.
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                    2002 жылғы 12 ақпандағы
                                    N 205 қаулысына
                                          3-қосымша
         
     
     Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
     демография жөніндегi агенттiгi
     Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
     
         Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография
        жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық-есептеу қызметiн
           көрсетуiнiң 2002 жылға арналған бюджеттiк
                       бағдарламасының
                          ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 4381 мың теңге (төрт миллион үш жүз сексен бiр мың теңге).


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiн есепке алудың бiрыңғай автоматтандырылған деректер банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: ақпараттық жүйенiң жұмыс істеуiн

қамтамасыз ету, берілген торап бойынша Қазақстан Республикасының Көшi-қон 
және демография жөнiндегi агенттiгiн және деректер алмасу үшiн
коммутациялық жалғау бойынша аумақтық органдарды Интернет желiсiне қосу.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: компьютерлiк техника паркiне 
техникалық қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография 
жөніндегі агенттігінің ақпараттық жүйесін алып жүру.
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
 !       !ның  !                 !                     !      !
 !       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7     
---------------------------------------------------------------------------
1   500         Қазақстан Рес.    Интернетке қол жет.   2002    Қазақстан
                публикасы Көші-   кізу үшін байланыс.   жыл     Республика.
                қон және демог.   тың бөлінген арна.    бойы    сының     
                рафия жөніндегі   сын жалдау, Агент.            Көші-қон  
                агенттігінің      тіктің ақпараттық             және демог.
                ақпараттық-       ресурстарға жойылған          рафия
                есептеу қызметін  қолжеткізілімін ұйым.         жөніндегі
                көрсету           дастыру, жойылған пай.        агенттігі
                                  даланушылар саны 15,
                                  жергілікті есептеу бай.
                                  ланыстарын монтаждау,
                                  пайдаланушылар саны 
                                  16, электрондық 
                                  поштаны пайдаланушы.
                                  лар саны 16
--------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Агенттіктің 
өз бөлімшелерімен деректер алмасуы үшін ақпараттық жүйені сапалық жағынан 
жақсарту.
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                    2002 жылғы 12 ақпандағы
                                    N 205 қаулысына
                                          4-қосымша
         
     
     Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
     демография жөніндегi агенттiгi
     Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
     
     
           Репатрианттарды (оралмандарды) тарихи отанына
               қоныстандыру мен әлеуметтiк қорғаудың 
         2002 жылға арналған 030 бюджеттiк бағдарламасының
                            ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 375103 мың теңге (үш жүз жетпiс бес миллион бiр жүз үш мың 
теңге).


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204-І Z970204_ Заңының 29-бабы; "Репатрианттар (оралмандар) үшiн Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 P991194_ қаулысы; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi Төрағасының "Қоныс аударушылардың бейiмделу орталықтарында болу және сүзгiден өту ережесi туралы" 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 18 бұйрығы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық

бюджет қаражаты.
     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халқын 
сан жағынан өсiруге жәрдемдесетін демографиялық ахуалды жақсарту және елде 
қолайлы жағдай жасау.
     5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өзінің тарихи отанына қайтып 
оралған этникалық қазақтарды қоныстандыру және жайластыру.
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
 !       !ның  !                 !                     !      !
 !       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7     
---------------------------------------------------------------------------
1   030        Репатрианттарды    
               (оралмандарды)
               тарихи отанына  
               қоныс аудару және
               әлеуметтік қорғау
    
          030  Қоныс аудару іс-   Көшіп келу квотасы    2002 ж. Қазақстан
               шаралары           бойынша шет мемле.    тамыз-  Республи.
                                  кеттерден репатри.    қазан   касының
                                  анттарды (оралман.            Көші-қон
                                  дарды) ұйымдасқан             және де.
                                  түрде көшіру.                 мография
                                  Иран Ислам Респуб.            жөніндегі
                                  ликасы - 2 рейс,              агенттігі
                                  Пәкстан Ислам
                                  мемлекеті
                                  (Ауғанстан) - 3 рейс,
                                  Моңғолия - 5 рейс,
                                  Түрік Республикасы 
                                  - 2 рейс
                                  Жақын шет елдерден    2002 ж.
                                  және Қытайдан өз      мамыр-
                                  бетінше қоныс         желтоқсан
                                  аудару
     
2         031  Репатрианттарды    Репатрианттардың      Жыл     Қазақстан
               (оралмандардың)    (оралмандардың)       бойы    Республика.
               бейімделу          бейімделу кезеңін.            сының
               орталығы           де келген 2655                Көші-қон
                                  отбасын орналастыру           және де.
                                                                мография
                                                                жөніндегі
                                                                агенттігі
     
---------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 2002 жылы 
келген репатрианттар (оралмандар) отбасыларының саны 2655, соның ішінде 
ұйымдастырылған түрде келгендер 110, өз бетімен келгендер 2545; ұйымдасқан 
түрде қоныс аудару жөніндегі көлік шығыстарының орнын толтыру және өз 
бетінше келгендердің көлік шығындары жөніндегі өтем; 2002 жылы көшіп келу 
квотасы бойынша келгендерге біржолғы жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету.
     
                                   Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                        2002 жылғы 12 ақпандағы
                                            N 205 қаулысына
                                               5-қосымша
     
     Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.29. N 205a 
              қаулысымен.  

P020205a

 а       
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөнiндегi агенттiгi
-----------------------------------------     
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
           Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын
             үй сатып алудың 2002 жылға арналған 032 бюджеттiк
                             бағдарламасының
                                 ПАСПОРТЫ
     1. Құны: 767986 мың теңге (жетi жүз алпыс жетi миллион тоғыз жүз 
сексен алты мың теңге).


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_ Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 P991194_ қаулысы; "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшiн үй сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 P010605_ қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың көздері: республикалық

бюджет қаражаты.
     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: 2002 жылғы көшiп келу квотасы 
бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: 2002 жылғы көшiп келу квотасы 
бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған оралмандарды дер кезiнде 
жайластыру (тұрғын үймен қамтамасыз ету).
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
-------------------------------------------------------------------------- 
 N ! Бағ.! Бағ. ! Бағдарлама.  !Бағдарламаларды!Iске асыру!    Жауапты
   !дарл.! дарл.! лардың (кiшi !(кiшi бағдарла.!мерзiмдерi!  орындаушылар
   !Коды ! Коды ! бағдарлама.  !маларды) iске  !          !
   !     !      ! лардың) атауы!асыру жөнiндегi!          !
   !     !      !              !iс-шаралар     !          !
-------------------------------------------------------------------------- 
 1 !  2  !   3  !       4      !        5      !     6    !       7
-------------------------------------------------------------------------- 
     032         Репатрианттар. 2655 оралмандар  2002 ж.    Қазақстан
                 дың (оралман.  отбасылары үшін  Мамыр-     Республикасының
                 дардың) отба.  тұрғын үй сатып  желтоқсан  Көшi-қон және
                 сыларына       алу                         демография 
                 тұрғын үй                                  жөнiндегi
                 сатып алу                                  агенттiгi
---------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2655 
оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.       
     
     Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.