Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері"
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645
P991645_
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында:
"Үкіметтік ақпарат бөлімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.