Ескерту. Тақырыбына және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.06. N 1029 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;<*>
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.06. N 1029
қаулысымен
.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қаңтардағы
N 127 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті" бөлімінде:
реттік нөмірі 49-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Астана қаласы" бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-26-жолмен толықтырылсын:
"21-26. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталық" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына
:
көрсетілген қаулыға Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 264-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне";
"264. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ЖАҚ".
4. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасында:
"10. Мемлекеттік басқару жүйесі" бөлімінде:
"Іс-шаралар" тарауында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Мемсәулетқұрылысинспекция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын оның аумақтық еншілес кәсіпорындарымен мемлекеттік мекемеге қайта құру";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарында:
30-тармақтағы "Мемқұрылыслицензия" және" деген сөздер алынып тасталсын.