Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 119

Қолданыстағы

     "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 
сәуiрдегi  

Z990357_

  Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етеді:
     1. 1-3 қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 
комиссиясының республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға 
арналған паспорттары бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                       2002 жылғы 26 қаңтардағы N 119
                                       қаулысына N 1 қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
          (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
     
                           2002 жылға арналған
                        001 "Әкiмшiлiк шығыстар"
                 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
                                ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 28620 (жиырма сегiз миллион алты жүз жиырма) мың теңге.


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Z990453_ Заңының 21, 22, 23, 24 және 25 баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 U010575_ Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 U963205_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының штаттық саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 P981108_ қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық

бюджеттiң қаржысы.
     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Орталық 
сайлау комиссиясы аппаратының, оған жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi 
атқаруына қол жеткiзуi үшiн, қызметiн қамтамасыз ету.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Орталық 
сайлау комиссиясы аппаратын қамту.
     6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:    
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны  ! Іске  !   Жауапты
е!лама   !   коды   !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар.  ! асыру ! орындаушылар
т!коды   !          !дарламалардың)!ламаны) іске   !мерзімі!
N!       !          !    атауы     !асыру жөніндегі!       !
 !       !          !              !   іс-шаралар  !       !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !     3    !       4      !        5      !   6   !      7     
---------------------------------------------------------------------------
1   001              Әкімшілік
                     шығыстары
            001      Орталық орган. Қазақстан Рес.  Жыл     Қазақстан 
                     ның аппараты   публикасы       бойы    Республикасының
                                    Орталық сайлау          Орталық сайлау
                                    комиссиясы              комиссиясы
                                    аппаратын
                                    бекітілген
                                    саны 30 бірлік
                                    штат кестесіне
                                    сәйкес қамту.
---------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Орталық 
сайлау комиссиясына жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау.
     
          
                                       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                       2002 жылғы 26 қаңтардағы N 119
                                       қаулысына N 2 қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
          (бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)

                     2002 жылға арналған
                    030 "Сайлау өткiзу"
           республикалық бюджеттік бағдарламасының
                          ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 125939 (жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз тоғыз) мың 
теңге.


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы; 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Z952464_ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң; 1999 жылғы 29 қарашадағы N 2412 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық

бюджеттiң қаржысы.
     4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғарғы 
өкiлдi және заң шығарушы органын, Қазақстан Республикасы жергілiктi өкiлдi 
органдарын қалыптастыру.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы 
Парламентi депутаттарын, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын 
сайлау.
     6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны      ! Іске  !Жауапты
е!лама   !   коды   !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар.      ! асыру !орындаушы.
т!коды   !          !дарламалардың)!ламаны) іске       !мерзімі!лар
N!       !          !    атауы     !асыру жөніндегі    !       !
 !       !          !              !   іс-шаралар      !       !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !     3    !       4      !        5          !   6   !      7    
---------------------------------------------------------------------------
1  030               Сайлау өткізу
--------------------------------------------------------------------------
             31      Қазақстан     Саны 16 бiрлiк Сенат  8 тамыз- Қазақстан
                     Республикасы  депутаттарының кезек. 8 қазан  Республи.
                     Парламенті    ті сайлауын дайындау           касының
                     Сенаты        және өткізу жөнінде.           Орталық
                     депутаттарын  гі ұйымдастыру жұмыс           сайлау
                     сайлауды      тары; сайлауды қаржы.          комиссия.
                     өткізу        лық және материалдық-          сы
                                   техникалық қамтамасыз 
                                   ету; саны шамамен 160
                                   бiрлiк кандидаттардың 
                                   сайлау алдындағы үгітiн
                                   қамтамасыз ету; сайлау
                                   туралы заңнаманың сақ.
                                   талуын бақылау; сайлау
                                   жүйесiн дамыту.
     
2           32      Қазақстан      Саны шамамен 2-4 бiрлiк  Жыл   Қазақстан
                    Республикасы   шығып қалғандардың орны. бойы  Республи.
                    Парламенті     на Мәжiлiс депутаттары.        касының
                    Мәжілісі       ның сайлауын дайындау          Орталық
                    депутаттарын   және өткiзу жөнiндегi          сайлау
                    сайлауды       ұйымдастыру жұмыстары;         комиссия.
                    өткізу         сайлауды қаржылық және         сы
                                   материалдық-техникалық
                                   қамтамасыз ету; саны шама.
                                   мен 20-40 бiрлiк кандидат.
                                   тардың сайлау алдындағы
                                   үгiтiн қамтамасыз ету; 
                                   сайлау туралы заңнаманың
                                   сақталуын бақылау; сайлау
                                   жүйесiн дамыту.

3           33      Мәслихаттар    Саны шамамен 80-120 бір. Жыл   Қазақстан
                    депутаттарын   лік шығып қалғандардың   бойы  Республи.
                    сайлауды       орнына Мәслихат депутат        касының
                    өткізу         тарының сайлауын дайын.        Орталық
                                   дау және өткiзу жөнiндегi      сайлау
                                   ұйымдастыру жұмыстары;         комиссия.
                                   сайлауды қаржылық және         сы; ау.
                                   материалдық-техникалық         мақтық
                                   қамтамасыз ету; саны шама.     сайлау
                                   мен 240-360 бiрлiк кандидат.   комиссия.
                                   тардың сайлау алдындағы        лары
                                   үгiтiн қамтамасыз ету; 
                                   сайлау туралы заңнаманың
                                   сақталуын бақылау; сайлау
                                   жүйесiн дамыту.
--------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан 
Республикасының жоғарғы және жергілікті өкілді және заң шығарушы 
органдарын қалыптастыру.
       
                                      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      2002 жылғы 26 қаңтардағы N 119
                                      қаулысына N 3 қосымша
     
     Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
          (бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)

                    2002 жылға арналған
   031 "Сайлаушылардың және сайлау ұйымдастырушылардың құқықтық оқуы"
              республикалық бюджеттiк бағдарламасының
                           ПАСПОРТЫ
     
     1. Құны: 5467 (бес миллион төрт жүз алпыс жеті) мың теңге.


      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізі: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық

бюджеттің қаржысы.
     4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Сайлаушылардың және сайлау 
ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетiн көтеру. Қазақстан Республикасының 
Президентiн, Парламентi және мәслихаттары депутаттарын сайлауды сапалы 
өткiзу.
     5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: сайлау ұйымдастырушылармен 
оқулық семинарлар өткiзу; сайлау тақырыптамасына оқулық фильмдер жасау 
және көрсету.
     6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші бағд.!Бағдарламалар.! Бағдарламаны      ! Іске  !Жауапты
е!лама   !   коды   !дың (кіші бағ.!(кіші бағдар.      ! асыру !орындаушы.
т!коды   !          !дарламалардың)!ламаны) іске       !мерзімі!лар
N!       !          !    атауы     !асыру жөніндегі    !       !
 !       !          !              !   іс-шаралар      !       !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !     3    !       4      !        5          !   6   !      7    
---------------------------------------------------------------------------
1  031               Сайлаушылардың Екі оқулық семинар  Жыл     Қазақстан
                     және сайлау    өткізу; сайлау      бойы    Республи.
                     ұйымдастырушы. тақырыптамасына             касының
                     лардың құқық.  беске жуық оқулық           Орталық
                     тық оқуы       қысқаметражды               сайлау
                                    фильмдер жасау және         комиссиясы
                                    телеарналарда  
                                    көрсетуді
                                    ұйымдастыру
--------------------------------------------------------------------------
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 
сайлаушылардың құқықтық мәдениетін көтеру; сайлау туралы заңнаманың және 
басқа нормативтік құжаттардың сақталуы; сайлау комиссияларының жұмысының 
жақсаруы.
     

     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.