Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 қаңтар N 112

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 P961237_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      6-тармақта:
      "министрлiгiнiң жанындағы Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн

жетiлдiру жобасын жүзеге асыру жөнiндегi Топқа" деген сөздер 
"министрлiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
     "9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлiгiмен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған 
инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi 
iшкi несие келiсiмiн жасасу ұсынылсын";
     көрсетiлген қаулыға 1-қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда 
жазылсын;
     көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
     4-тармақта:
     бiрiншi абзацта:
     "министрлiгiнiң жанындағы Жобаны жүзеге асыру тобы" деген сөздер 
"министрлiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
     10-тармақта:
     "қаражаттың" деген сөз "Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы 
мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын және 
"мөлшерiнде" деген сөзден кейiн "қосымша құн салығы есепке алынбай" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2002 жылғы 25 қаңтардағы
                                              N 112 қаулысына
                                                  қосымша
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                            1996 жылғы 7 қазандағы
                                              N 1237 қаулысына
                                                  1 қосымша
     
           "Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру" 
             жобасын іске асыруға арналған ведомствоаралық 
                          үйлестіру кеңесінің
                                құрамы
     
Есімов                      - Қазақстан Республикасының
Ахметжан Смағұлұлы            Ауыл шаруашылығы министрі, төраға
     
                            Кеңес мүшелері:     
     
Андрющенко                  - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович            Экономика және сауда вице-министрі

Дунаев                      - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы            Қаржы вице-министрі

Мусина                      - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы               Ауыл шаруашылығы вице-министрі
     
Нұрпейісов                  - Қазақстан Республикасының
Қайрат Айтмұханбетұлы         Мемлекеттік кіріс вице-министрі

Рамазанов                   - Қазақстан Республикасының
Аманбек Мырзахметұлы          Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
                              қорғау министрлігі Су ресурстары 
                              жөніндегі комитетінің төрағасы
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.