қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 102 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі ________________________________________________________________- Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi 001 "Әкiмшiлік шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Z990453_ Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z010273_ Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 U010575_ Жарлығы; "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 P020039_ қаулысы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 P991756_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен
мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N !Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны (кіші! Іске ! Жауапты !коды !бағдар.!(кіші бағдар. !бағдарламаны) іске! асыру !орындаушылар ! !коды !ламаның) атауы! асыру жөніндегі !мерзімі! ! ! ! ! іс-шаралар ! ! ! ! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 1 001 Әкімшілік шығындар 001 Орталық орган. Штат санының бек. жыл Қазақстан ның аппараты ітілген лимитіне бойы Республикасы. сәйкес 426 бірлік ның Көлік көлемінде Қазақстан және коммуни. Республикасы Көлік кациялар және коммуникация. министрлігі лар министрлігінің орталық аппаратын және оның комитет. терін ұстау 002 Аумақтық Штат санының бек. органдардың ітілген лимитіне аппараттары сәйкес 1035 бірлік көлемінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация. лар министрлігі Коми. теттерінің аумақтық органдарын ұстау -- ------------------------------------------------------------------------ 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау. Мамандар: Багарова Ж.А., Қобдалиева Н.М.