1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн. 4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы Астана 2002 ж. Бағдарламаның паспорты Атауы 2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қысқаша Осы Бағдарламада елiмiздiң халқын ауыз мазмұны сумен қамтамасыз етудiң қазiргi жай-күйiне талдау берiлiп, облыстар бойынша нақты iс- шаралар кешенi, оларды iске асыру жоспарлары, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру белгiленiп, мынадай басымдықтар айқындалған: 1) сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiн пайдалану жағдайында ұстап тұру үшiн оларды қалпына келтiру және жетiлдiру; 2) сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама көздерi мен нұсқаларын дамыту; 3) тұтынылатын судың сапасын жақсарту; 4) ауыз суды ұтымды пайдалану; 5) су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйiн жақсарту; 6) ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын барабар түсiнуге ықпал ететiн ақпараттық ортаны құру; 7) сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметiн басқаруды, үйлестiрудi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру Бағдарламаны 2002-2010 жылдар iске асыру 1-кезең - 2002-2005 жылдар; мерзiмдерi 2-кезең - 2006-2010 жылдар КIРIСПЕ
Салалық "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерiнiң ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйiне байланысты өзектi мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемасы әлемнiң барлық елдерiнде, атап айтқанда Орталық Азия аймағы елдерiнде өткiр күйiнде қалып отыр.
Осыған байланысты БҰҰ Бас ассамблеясының шешiмiмен 2003 жыл Халықаралық тұщы су жылы деп жарияланды.
Бағдарлама "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығын орындауға бағытталған.
Бағдарлама iске асыру мерзiмi бойынша ұзақ мерзiмдiге жатады.
1. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың
қазiргi жай-күйiн талдау
1999 жылғы 1 қаңтардағы халық санағына сәйкес республикамызда 14,96 млн. адам, оның iшiнде 8,38 млн. адам қалалар мен кенттерде, 6,58 млн. адам ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Ауыл халқының 300 мыңға жуық адамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуi тиiстi дәрежеде болмай тұрған, халқының саны 250 адамға дейiнгi кенттерде тұрады.
84 қала мен 214 жұмысшы кентiнен сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесiмен 82 қала мен 186 кент қана қамтылған. Көше су құбырлары торабының суағарларының жалпы ұзындығы 30,7 мың километрдi құрайды.
Қалалардың тұрғын үй қорын су құбырларымен жабдықтау әр облыста 35%-дан 85%-ды құрайды. Орта есеппен республика бойынша қала халқының 70-75% су құбырының суымен, 15-18% орталықтандырылмаған су көздерiнiң суымен қамтамасыз етiледi, ал халықтың қалған бөлiгi тасымалданатын суды (500 мыңнан астам адам) және ашық су қоймаларының суын пайдаланады.
7845 елдi мекенде тұратын ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету күрделi проблемаға айналып отыр. Ауылдық кенттердi орталықтандырылған сумен жабдықтау жергiлiктi (бiр кентке арналған) және топтық (кенттер тобына арналған) су құбырларын салу жолымен шешiлiп отыр. Салынған 79 топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 90-жылдардың басында 17,1 мың километрге жеттi, олармен 1276 ауылдық кент қамтамасыз етiлдi.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы республиканың солтүстiк облыстарында өзiнiң параметрлерi бойынша бiрегей, жалпы ұзындығы 6 мың километрден астам Есiл, Преснов, Булаев және Беловодский топтық су құбырлары пайдаланылып келдi. Қостанай облысы топтық су құбырларының ұзындығы 3,4 мың километрдi құрады.
Батыс Қазақстан облысының аумағында мынадай: жалпы ұзындығы 1,7 мың километр болатын Фурманов, Тайпақ және Камен топтық су құбырлары пайдаланылып келдi, олар 100-ден астам кенттерге қызмет ететiн. Ұзындығы тиiсiнше 1125,6 және 406,4 километр болатын Нұра және Сiлетi топтық су құбырлары Ақмола облысының 73 ауылдық елдi мекенiн сумен қамтамасыз етiп отырды.
Ауылдағы барлық iрi су құбыры оларды ұстауға арналған мемлекеттiк дотациямен пайдаланылып келдi.
Жергiлiктi су құбырлары мен кентiшiлiк желiлердiң жалпы ұзындығы 29,0 мың километрдi құрады, олар 2,6 мың ауылдық елдi мекендi сумен қамтамасыз ететiн едi. Республика бойынша тұтас алғанда, 3,5 млн. адам (ауыл халқының 60%-ға дейiнi) су құбырының суымен қамтамасыз етiлген болатын. Халықтың қалғаны құбырлы және шахталы құдықтардың, сондай-ақ ашық су қоймаларының суын және тасымалданатын суды пайдаланды.
Су құбырларының көпшiлiгiнiң iске қосылғанына немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiне 20-25 жылдан, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам уақыт өткен. Бiрқатар су құбырлары мен олардың жекелеген тармақтарының қызмет ету мерзiмi өткен, соған орай авариялардың саны көбейдi. Тек 2000 жылдың өзiнде ғана 7097, оның iшiнде Қарағанды облысында - 1218, Атырау облысында - 1022, Жамбыл облысында - 688 авария тiркелген. Авария жағдайының көп болуы судың қайталап ластануына, су беруде ұзақ iркiлiстерге, желiлердегi судың көп ағып кететiнi, жекелеген жағдайларда 30 және одан да артық пайызға жететiн, судың өндiрiстiк емес ысырабына ықпал етуде, бұл электр энергиясының артық жұмсалуына және сайып келгенде 1 текше метр судың өзiндiк құнының өсуiне әкеп тiрейдi.
Нәтижесiнде ауылдық елдi мекендердiң көпшiлiгi топтық су құбырларының қызметiнен бас тартты. Көптеген елдi мекендер пайдаланушы ұйымдардың ұзақ уақытқа созылған төлемеуiнен сумен жабдықтаудан ағытылып тасталды.
Қазiргi кезде, экономикалық қиындықтарға байланысты бұрын Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының 100-ден астам кентiн сумен қамтамасыз ететiн Беловод топтық су құбырының пайдаланылуы толық тоқтатылды.
Тұтынушылардың төлем қабiлетсiздiгiнен және жекелеген тармақтардың iстен шығуынан Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Қаратөбе және Тайпақ, Оңтүстiк Қазақстан облысының Дарбаза және Жетiсай және басқа да бiрқатар облыстардағы топтық су құбырлары жұмыс iстемейдi.
Топтық су құбырлары жүйесiнiң қолайсыз болуы және олардың өте нашар техникалық жай-күйi, жекелеген аумақтарда жер асты суларының барланған кен орындары бола тұра, пайдалануға кететiн артық шығындар осы су шаруашылығы кешенiн басқарудың тиiмдiлiгi мардымсыз екенiн айғақтайды және оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауды талап етедi.
Елiмiздiң халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң 1991 жылға қарай қол жеткiзiлген деңгейi аталған себептерге байланысты, сондай-ақ соңғы он жылда су құбырларының жұмыс iстеуi үшiн инвестициялық қолдаудың болмауынан күрт төмен түсiп кеттi. Қазiргі кезде топтық су құбырларынан жергiлiктi - 2,1 мың кенттiң тек 513 ауылдық кентi қамтамасыз етiледi. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етiлуiнiң орташа республикалық көрсеткiшiнiң жыл сайынғы төмендеуi 3-5%-ға жеттi.
Республикадағы жұмыс iстеп тұрған көптеген су құбырлары пайдаланудың ұзақ мерзiмiне, су тазалау технологиясының тозуына байланысты санитарлық талаптарға жауап бермейдi және нормативтiк сапалы су берудi қамтамасыз ете алмай отыр. Республика бойынша жұмыс iстеп тұрғандарының iшiнен 25,8%, ал Жамбыл облысында - 89,7%, Павлодар облысында - 57,1%, Шығыс Қазақстан облысында - 50,8%, Батыс Қазақстан облысында - 46%, Қарағанды облысында - 36% санитарлық талаптарға сай келмейдi. Астана мен Алматы қалаларында да жағдай айтарлықтай жақсы емес, онда су құбырларының тиiсiнше 50% мен 31,2% санитарлық нормаларға сай келмейдi.
Республикадағы жер бетi суларының ресурстары жылдық ылғалдылығы бойынша орташа мөлшерi 100,5 текше км. құрайды, оның 56,5 текше км. республика аумағында құралады. Қалған көлемi шектес мемлекеттерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей) келiп түседi.
Қолдағы су ресурстарының орташа шаруашылық пайдалану үшiн көлемi жылдың сулылығы бойынша орташа мөлшерi ысырапқа кететiн мiндеттi шығындарын шегергенде, санитарлық, экологиялық, көлiктiк-энергетикалық талаптарды қанағаттандыру 46 текше километрден аспайды. Су аз болған жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 текше километрге дейiн, ал бар судың көлемi тиiсiнше - 26 текше километрге дейiн төмендейдi. Бұдан басқа, жер бетiндегi сулардың ресурстары бiркелкi орналаспаған, бұл оларды тасымалдауға үлкен шығын жұмсауға әкеп соғады.
Жер асты суларының ресурстары: жылына 15,84 текше километр жинақталған пайдалану қоры бар 623 жер асты су көздерi барланды. Олардың iшiнде тұщы су жылына 12,68 текше километрдi құрайды. Тiкелей шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшiн жылына 6,13 текше километр жинақталған қоры бар 494 жер асты су орындары барланды.
Ауыз судың барланған пайдалану қорлары республиканың жинақталған қажетiнен 2 есеге асып түседi және бiр адамға шаққанда тәулiгiне 1,12 текше метрдi құрайды. Осымен бiрге пайдаланылатын қорлар бiркелкi орналаспаған: сумен үлестiк қамтамасыз ету Атырау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында тәулiгiне 0,08 текше метр, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында тәулiгiне - 1,6-2,3 текше метрге дейiн өзгерiп отырады.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жарамды болжанған ресурстарының шектеулi таралуы және барланған қорларының болуы Атырау,№Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарын нашар және iшiнара қамтамасыз етiлген аумаққа жатқызуға мүмкiндiк бередi.
Жер асты тұщы суларының негiзгi ресурстары (жалпы қорлардан 60%-ке дейiн) Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Жер асты тұщы суларының тапшылығы жағдайында олар тiптi де толық көлемде пайдаланылмайды, барланған орындардың жалпы санынан (623) барланған қорлардан 7% ғана құрайтын жинақталған су қайтарғысымен пайдаланылатыны 330-дан аспайды.
Қайтарылатын су көлемi қазiргi деңгейде 4,0-ге жуық текше километрдi құрайды, жер бетiндегi су объектiлерiне қайтарылатыны - 3,4 текше километр. Қайтарылған сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаның ластануының негiзгi көзi болып табылады. Қайтарылған сулардың өзендерге келiп түскен негiзгi мөлшерi Сырдария (47%) және Ертiс (34%) өзендерiнiң бассейндерiнде орын алған. Қалған көлемi Іле өзенiне (8%), Нұра өзенiне (5%) және қалған өзендерге (6%) тиесiлi.
Су ресурстарының қолдағы жиынтық көлемi қазiргi заманғы деңгейде халық шаруашылығында пайдалану мүмкiндiгiне қарай 46,9 текше километрдi құрайды.
Жекелеген аймақтарда экономика салаларын дамытуға және халықты сумен қамтамасыз етуге арналған су ресурстарының өсуi жер асты суларын неғұрлым кеңiнен пайдалану және жер бетiндегi су ресурстарын аймақаралық бөлу (бұру) жолымен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда:
Республика астанасы Астана қаласын сумен қамтамасыз етуге арналған Вячеслав су қоймасына келiп құятын Ертiс-Қарағанды арнасы және Ертiс-Қарағанды-Есiл өзенi суағары салынды;
Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк мұқтаждары үшiн су дайындауға мұнай кен орындарына тәулiгiне 260 мың текше метр тұщы су беруге есептелген Астрахань-Маңғышлақ суағары салынды;
Көкшетау қаласының және Шортанды - Бурабай курорт аймағын және басқа да бiрқатар тұтынушыларды сумен жабдықтау үшiн Есiл өзенiне Сергеев су қоймасынан су беретiн Көкшетау өндiрiстiк су құбырының құрылысы жалғасуда.
Ел халқының 1999 жылы шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарына арналған суды тұтынуы 0,83 текше километрдi, оның iшiнде: қалалардың халқы - 0,65 текше километрдi, ауыл тұрғындары - 0,18 текше километрдi құрады, бұл экономиканың барлық салаларының жалпы тұтынуының 4-6% шегiнде.
Шаруашылық ауыз су тұтынудың жалпы көлемiнде жер асты сулары 0,54 текше километрдi (65,2%), жер үстi сулары 0,29 текше километрдi (34,8%) құрайды.
Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жер асты суларын пайдалану - (88-89%) басымдыққа ие.
Қостанай, Маңғыстау, Ақмола және Павлодар облыстарында жер үстi суларының үлесi 55-тен 70%-ға дейiн құрайды. Жер үстi сулары есебiнен Астана, Атырау, Орал, Алматы, Петропавл және басқа да қалалар толық немесе iшiнара қамтамасыз етiледi.
Шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арналған суды тұтынудың нақты үлесi 1997 жылы республика бойынша орташа алғанда қалалардың бiр тұрғынына шаққанда Алматы облысында тәулiгiне 206 л-ден өзгере отырып тәулiгіне 167 л, Қызылорда және Атырау облыстарында тәулiгiне 120 л дейiн құрады. Ауылдық кенттер тұрғынының суды тұтынуы тәулiгiне 68 л, Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тәулiгiне 70-75 л өзгере отырып, Маңғыстау облысында тәулiгiне 25 л дейiн құрайды.
Республика бойынша орташа алғанда (нормативтен %) халықтың сумен қамтамасыз етiлуi қалалар үшiн 85%-ды, Алматы облысында - ең көп шамасы 92%-ды және Қызылорда облысында ең аз шамасы 62%-ды құрады. Ауылдық кенттерде орта есеппен 71%-ды, Алматы облысында - 84%-дан ауытқи отырып, Маңғыстау облысында 42%-ға дейiн құрайды.
Халыққа берiлетiн 1 текше метр судың құны әр түрлi себептерге байланысты жекелеген аймақтарда 60-80 теңгеге жеттi және одан да жоғары болды, облыстар бөлiнiсiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде ол 18-25 теңгеден 40-60 теңгеге дейiн ауытқып отырады. Солтүстiк Қазақстанның топтық су құбырлары бойынша берiлетiн судың нақты өзiндiк құны 2000 жылы 100 теңгеге жетiп, одан да асып түстi.
Iс жүзiнде барлық iрi ағын сулар бойынша жайылма судың сапасы ауыз су стандарттарына сай келмейдi. Шекарааралық аса iрi өзендер болып табылатын Ертiс, Iле, Жайық, Сырдария қатты ластанған және алдын ала дайындамайынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдалануға жарамайды.
Жайық өзенi фенолмен (шоғырланудың жол берiлетiн шегiнiң 3 өлшемiне дейiн) (бұдан әрi - ШЖШ), синтетикалық үстiңгi активтi заттармен (1,4 ШЖШ-ға дейiн) ластанған. Ілек өзенiнiң жайылма суы бормен (21,8 ШЖШ-ға дейiн) және алты валенттi хроммен (1,4 ШЖШ-ға дейiн) ластануы өткiр экологиялық проблема күйiнде қалуда. Нұра және Шерубай-Нұра өзендерi "сынаппен екiншi қайта ластанған" объектiлер санатына өттi. Нұра өзенi табанының шөгiндiлерiнде, суының құрамында және бетiнде сынаптың шоғырлану деңгейi бойынша республикадағы ең лас өзен болып табылады. Ертiс өзенi суының мыспен (2 ШЖШ-ға дейiн) және мырышпен (25 ШЖШ-ға дейiн) ластануы жоғары күйде қалып отыр. Ертiс өзенiнiң алабына жыл сайын 120 млн. текше метрдей (1999 жылы - 146 млн. текше метр) "ластанған" ағынды су жiберiлдi.
Суды ластаушылар қатарына өнеркәсiп, кен өндiрушi және өңдеушi кәсiпорындардан басқа, қала құрылысы, мал шаруашылығы фермалары, суармалы егiншiлiк жерлер, әртүрлi тұндырғыштар, қатты, сұйық қалдықтар мен мұнай өнiмдерi қоймалары жатады. Негiзгi ошақтарда қорғасынмен, мырышпен, кадмиймен, темiрмен, селенмен, марганецпен ластану дәрежесi 10-нан 100 ШЖШ-ға дейiн жетедi.
Республика шегiнде жер асты суларын ластаудың 700-ден астам ықтимал көзi анықталды, олардың 241-i жер асты суларының гидрохимиялық жай-күйiне тiкелей әсер етедi. Ластау көздерiнiң ең көбi Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды. Жер асты суларының ластану учаскелерiнiң негiзгi бөлiгi минералданудың жоғарылылығымен, кермектiлiгiнiң артуымен, сульфаттар мен хлоридтердiң ШЖШ-дан асып түсетiн мәнге дейiн шоғырлануымен сипатталады. Анықталған 75 учаске жер асты суларында азот қосындыларының, оның iшiнде 49-ы мұнай өнiмдерiнiң (35-і - тұрақты); 59-ы ауыр металдардың (40-ы - тұрақты); 41-i фенолдың (35-i - тұрақты); 28-i органикалық қосындылардың (22-i - тұрақты) болуымен сипатталады.
Анықталған ластаушы заттар қауiптiлiгiнiң сыныбы бойынша 127 учаске жер асты суларын ластаудың қауiптi, 63-i - қаупi орташа, 48-і - қаупi жоғары және 3-i - төтенше қауiптi сыныппен сипатталады.
Жер асты сулары сапасының нашарлау қатерi 70 елдi мекендегi 113 су көздерiнде және шаруашылықтық-ауыз сумен жабдықтауға арналған 41 жер асты суларын жинауышта байқалған.
Республикада жыл өткен сайын орталықтандырылмаған көздер суының ластануы өсу үстiнде. Микробиологиялық көрсеткiштер бойынша гигиеналық нормаларға сай келмейтiн ауыз су сынамаларының үлес салмағы ел бойынша орта есеппен 8,1 пайызды құраса, ал Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша бұл республикалық көрсеткiштен жоғары.
Халықтың ауыз су үшiн орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған көздерден тұтынатын судың сапасы санитарлық ережелер мен нормаларға, "Ауыз су" мемлекеттiк стандарттарына әрдайым сай келе бермейдi.
Қызылорда Оң жағалау топтық су құбыры минералдануы 1,3 - 1,4 г/л жер асты су көздерiне негiзделген. Батыс Қазақстан облысындағы Камен топтық су құбыры бойынша құрамында темiр ШЖШ-дан 1,5-2,5 есе асып түсетiн су берiлiп отыр. Ақмола облысының Зерендi және Яблонов топтық су құбырларының көздерi - жер асты суларының көздерiнде құрамындағы фтор жол берiлетiн нормадан жоғары. Орал жер асты су көздерiндегi судың құрамында марганец ШЖШ-дан 3-5 есе асып түседi.
Ауыз су сапасының ойдағыдай болмауы елдiң жекелеген аймақтары халқының жұқпалы ауруларға шалдығуының жай-күйiне әсер етпей қоймайды. Бiрiншi кезекте бұл су арқылы берiлетiн қантышқақ, iш сүзегi, бауыр қабынуының А вирусы аурулары.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң деректерi бойынша кейiнгi уақытта су құбыры суына байланысты жұқпалы ауруларға топтап шалдығу жүйелi сипат алып отыр. Егер 1992 жылы зардап шеккендер саны 181 адам 4 iш сүзегi ошағы тiркелсе, 1995 жылы зардап шеккендер саны 305 адам 5 оқиға тiркелдi, ал 2000 жылы 3220 адам зардап шеккен 7 оқиға болды. Бұл ретте 2000 жылы Қарағанды (Шахтинск, Абай қалалары) және Шығыс Қазақстан (Қатонқарағай ауданының Фыколка ауылы) облыстарында су құбырлары суын тұтынумен байланысты зардап шеккендер саны 1,5 мың адам (1995-1997 жылдарды қоса алғандағыдан үш есе көп) iш сүзегi індетiнiң 3 ошағы тiркелдi. 2001 жылы ақпан айында ғана Қостанай облысындағы Арқалық қаласында және Қарағанды облысының Темiртау қаласында зардап шеккендердiң жалпы саны 448 адам iш сүзегiмен аурудың екi ошағы тiркелдi.
2000 жылы республика бойынша бауыр қабынуы ауруы 1999 жылмен салыстырғанда 1,8 есе, оның iшiнде Қызылорда облысында 5,4 есе, Оңтүстiк Қазақстанда - 4,1 есе, Маңғыстау және Жамбылда - 1,7 есе, Алматы қаласында 1,9 есе артты.
Республика бойынша орта есеппен алғанда су арқылы берілетiн бауырдың қабыну ауруы 22,6%-тi құрайтыны белгілi болды, бұл көрсеткiш Ақмола облысында 47,9%, Қызылордада - 41,8%, Қостанайда - 31,1%, Қарағандыда - 27,6% құрайды.
Бауыр қабынуы ауруының ең iрi ошағы Қызылорда облысы Шиелi ауданының тұрғындары арасында тiркелдi. Елдi мекендер су iшетiн Жиделi су құбырын ажыратып тастаудың нәтижесiнде ауданда ауруға шалдығу көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 1995 адамға жеттi.
Ауыз су сапасының нашарлығы және сумен қамтамасыз етудiң жеткiлiксiздiгi себебiнен Батыс Қазақстан, Атырау және Солтүстiк Қазақстан облыстарында бауыр қабынуы ауруының ошақтары пайда болды.
Қалыптасқан ахуал су көздерiнiң үдемелi ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату желiлерiнiң санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауының, бiрқатар су құбырларында қажеттi тазарту құрылыстарының кешенi мен залалсыздандыру қондырғылары болмауының, коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы әлсiздiгiнiң заңды салдары болып табылады.
Халықтың ауыз су мұқтажы үшiн тұтынатын су сапасының және қол жетiмділігiнiң төмендеуiне мынадай факторлар әсер етедi:
су көздерiнiң, әсiресе жер үстi суларының өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және шаруашылық-тұрмыстық шайынды сулармен жалпы техногендi ластануы;
су құбырларының және кәрiз желiлерi мен құрылыстарының суды тиiсiнше дайындауды әрi шайынды суларды тазалауды қамтамасыз етпейтiндей тозуы;
құбырлардың тотығуға қарсы үстiңгi жабынының бүлiнуiне байланысты бактериялық әрекет өнiмдерiмен ауыз судың екiншi қайта ластануы;
ауыз су үшiн төлем жөнiндегi баға саясатының, тарифтер тетiгiнiң жетiлдiрiлмеуi, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы және пайдаланудағы кемшiлiктер;
халықтың төлем қабiлетiнiң және сапалы ауыз суға қол жетiмдiгiнiң төмендiгi;
сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн салуға, қазiргi жүйелерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттiк инвестициялардың жеткiлiксiздiгi;
шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн арнайы барланған жер асты сулары көздерiн пайдаланудың жеткiлiксiздiгi;
жер асты тұщы суларын мақсатқа сай пайдаланбау;
республиканың жекелеген аймақтарында жергiлiктi ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң болмауы.
Халық тұтынатын ауыз судың сапасын және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты қалыптасқан ахуал себептерiн жою жөнiнде мақсатты бағытталған шаралар қабылдамау мынадай жағымсыз салдарларға алып келедi:
ел халқы денсаулығының нашарлауы;
аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың бей-берекет көшiп-қонуы; коммуналдық сектор кәсiпорындарында ескiрген өндiрiстiк қорлар көлемiнiң өсуi; пайдалану шығындарының өсуiмен қатар коммуналдық қызметтердi ұсыну сапасының және iркiлiссiздiгiнiң төмендеуi; жер асты сулары көздерi мен ашық су қоймаларын ауыз суға пайдалану мәнiнiң жоғалуы; суды тазалауға және суды дайындауға кететiн шығындардың артуы. 2. Бағдарламаның мақсаты мен негізгi мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты - халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдi сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенiн айқындау және әзiрлеу, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiндегi басымдықтарды айқындау;
Бағдарламаны iске асыру үшiн инвестициялардың қажеттi көлемi мен қаржыландыру көздерiн айқындау.
Халықты ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс:
1) мемлекет бүкiл халықтың суға тең қол жеткiзуi негiзiнде сумен жабдықтау саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс;
2) суды экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық құндылығы бар шектеулi табиғи ресурс ретiнде қараудың қажеттiгi;
3) жер асты су көздерiн пайдалануды күшейту Бағдарламаның негiзгi басымдықтарының бiрi болып табылады және мыналарды көздейдi:
жер асты суларының болжамды ресурстарын бағалау;
барланған жер асты су көздерi мен су жинауыштарды түгендеу;
жаңа жер асты су көздерiн анықтау үшiн iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзу;
жұмыс iстеп тұрған су алғыштарды кеңейту және қайта ұйымдастыру;
жер асты су көздерiнiң санитарлық ахуалын сауықтыру;
жер асты су көздерiн сарқылудан және ластанудан қорғауды жүзеге асыру;
4) су шығару және жеткiзу құралдары шаруашылық жүргiзушi түрлi субъектiлердiң меншiгi болуы мүмкiн;
5) суды тұтыну коммерциялық принциптерге негiзделуi тиiс, суды пайдаланудың ақылы болуы суды ұтымды пайдалануға қол жеткiзуге, сақтауға және кәсiпкерлiк қызметке ынталандыруы тиiс;
6) меншiк нысандарының сан алуандығы жағдайында инвестициялық процестi кейiннен орталықсыздандыра отырып, ауыртпалық орталығын қайтарымсыз бюджеттiк қаржыландырудан қайтарымды негiзде несиелеуге бiрте-бiрте көшiру;
7) барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтауы.
Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенi мыналарды қамтиды:
1) халықтың түрлi әлеуметтiк топтарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн бiрiншi кезектегi аз шығынды iс-шараларды iске асыру;
2) суды залалсыздандыру және тазалау жөнiндегi ғылыми-техникалық жетiстiктердi әзірлеу және енгiзу;
3) ауыз сумен жабдықтау көздерi - жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң тиiстi экологиялық жай-күйiн қамтамасыз етуге бағытталған табиғат қорғау iс-шараларын өткiзу;
4) су рыногын дамыту үшiн жағдай жасау және кәсiпкерлердiң ауыз суды шығару мен жеткiзу жөнiндегi бастамаларын қолдау әрi оның бүкiл халыққа қол жетiмділiгiн ынталандыру;
5) ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, халықтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыруда қоғамдық институттарды дамыту мен олардың рөлiн күшейту;
6) Республиканы сумен қамтамасыз етудiң бас схемасын әзiрлеу, онда
тиiстi мөлшерде және қажеттi сападағы ауыз сумен қамтамасыз етiлмеген аймақтар мен тұтынушылардың жекелеген топтарын анықтау, iздестiру-барлау жұмыстарының көлемiн айқындау, сумен жабдықтаудың ықтимал көздерiн белгiлеу, техникалық iс-шараларды, оларды iске асыру кезектiлiгiн және қажеттi күрделi қаржыны болжамдау қажет. 3. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетiгi Ел халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн талдау бiрқатар елеулi проблеманы анықтады, оларды шешуге мынадай негiзгi бағыттар ықпал етуi тиiс: қазiргi сумен жабдықтау жүйелерiн оларды пайдалану жай-күйiн қолдау үшiн қалпына келтiру және жетiлдiру; сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама көздерi мен нұсқаларын дамыту; тұтынатын су сапасын жақсарту; ауыз суды ұтымды пайдалану; су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiн жақсарту; халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн тигiзетiн ақпараттық орта жасау; сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметiн басқаруды, үйлестiрудi жетiлдiру әрi оның тиiмдiлiгiн арттыру. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 3-қосымшада келтiрiлген. Қазiргi сумен жабдықтау жүйелерiн оларды пайдалану жай-күйiн қолдау үшiн қалпына келтiру және жетiлдiру
Осы бағыт су жинауыш және су құбырлары желiлерi мен құрылыстарын жөндеу әрi тиiстi қалпында ұстау, су алғыш құбырларды қалпына келтiру, төтенше жағдайларда резервтiк сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды қамтиды.
Бағдарламаның осы бағытын дамыту үшін аз шығын жұмсай отырып, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық жабдықтаумен байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкiндiк беретiн мынадай iс-шараларды iске асыруды көздейдi:
1) Алматы, Астана, Қызылорда, Арал, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау Шалқар, Көкшетау, Қарағанды, Темiртау және басқа да көптеген қалалардың қазiргi сумен жабдықтау жүйелерiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының кешенi;
2) Солтүстiк Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының сумен жабдықтау көздерiн ауыстырудың нақты баламалары жоқ жерлерiнде топтық жүйелердi жаңарту;
3) Ақмола облысында - Нұра, Ақтөбеде - Ырғыз топтық су құбырларының су алғыштарын кеңейтiп, Атырау облысында - Индер-Миялы және Майкөмген-Шұбыртпалы су құбырларын, Батыс Қазақстан облысында - Орда және Камен су құбырларын темiрсiздендiру станциясын салып, қайта құру;
4) кенттерде бұрын салынған жергiлiктi су құбырларын оңалту, олардың жұмыс тиiмділігiн арттыру, залалсыздандыру және су тазалау технологиялық процестерiн жаңғырту.
Бұл жұмыстарды бiр жарым мыңнан астам қала мен кентте жүргiзу болжанып отыр.
Сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру және балама көздерi мен
нұсқаларын дамыту
Осы бағыт жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебiнен сумен жабдықтауды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн және ауыз сумен жабдықтаудың қорғалған көздерi жоқ елдi мекендерде iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн жаңаларын игерудi көздейдi.
Жекелеген аймақтарда балама көздер ретiнде мына мүмкiндiктер қарастырылып отыр:
мейлiнше төмен сапа деңгейiмен жол берiлетiн жер асты суларын (минералдылығы 1,0 - 1,5 г/л минералдылығы әлсiз жер асты сулары) пайдалану;
ауыз судың жеткiзiлуiн ұйымдастыруды жетiлдiру;
жергiлiктi су тазалау құрылғыларын орнату.
Бұдан әрi балама көздердi таңдау әрбiр нақты кенттi сумен қамтамасыз етудiң нұсқаларын техникалық-экономикалық салыстыру нәтижесiнде жүргiзiлетiн болады.
Бағдарламаның осы бағытын iске асыруда бiрiншi кезектегi iс-шаралар ретiнде мыналар белгiленедi:
Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ, Жиделi және Октябрь топтық су құбырларын салуды (2002 жылы 73 километрiн пайдалануға бере отырып) жалғастыру;
Қостанай облысында Лихачев және Ұзынкөл топтық су құбырларын салу;
Оңтүстiк Қазақстан облысында Арыс және Шәуiлдiр топтық су құбырларын салу;
Солтүстiк және Батыс Қазақстан топтық су құбырларының жұмысын қайта ұйымдастыру.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының сумен жабдықтаудың сенiмдi көзi жоқ бес жүзден астам елдi мекенi үшiн сумен жабдықтау сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар, сондай-ақ кейiннен сумен жабдықтау желiлерi мен құрылыстарын салатын iздестiру-барлау жұмыстарын жүргізу көзделуде.
Тұтынатын судың сапасын жақсарту
Бағыт су сапасын жақсарту жөнiндегi мынадай шаралар кешенiн қамтиды:
1) ауыз су сапасын жақсарту жөнiндегi жаңа отандық та, шетелдiк те озық технологияларды әзiрлеу және енгiзу;
2) судың екiншi қайта ластану мүмкiндiгiн жою мақсатында су құбыры желiсiнiң тозған учаскелерiн жаңарту және ауыстыру;
3) бастапқы суды тазалаудың технологиялық схемасын белгiлеу және суды дайындаудың тиiстi өлшемдерiн қамтамасыз ету;
4) ауыз су сапасын бақылаумен айналысатын қызметтердi материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етудi нығайту.
Суды дайындаудың белгiлi бiр технологиялары әрбiр нақты жағдайда судың сапасына қарай қолданылатын болады.
Су дайындау жөнiндегi iс-шараларды үш жүзден астам елдi мекенде iске асыру болжанып отыр.
Ауыз суды ұтымды пайдалану
Бағыт ауыз суды үнемдi де тиiмдi пайдаланудың, оны техникалық, ауыл шаруашылық және басқа да мұқтаждарға мақсатсыз пайдалануды болдырмау, сонымен қоса экономиканы құрылымдық қайта құруды, технологиялық жаңғыртуды және су үнемдеушi технологияларды енгiзудi ескере отырып табиғи су объектiлерiнен су алуды қысқарту, сондай-ақ желiнiң тасқынды нүктелерi мен тұтынушыларда су есептеуiш аспаптар орнату, мәселелерiне де қатысты iс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
Жекелеген аймақтарда судың тапшылығы, тұщы су көздерiнiң бiрте-бiрте сарқылуы және ластануының күшеюi су ресурстарын ұтымды пайдаланудың кешендi жоспарлануын қамтамасыз етудi талап етедi.
Тұтас алғанда су пайдаланудың жай-күйi су ресурстарын ұтымды пайдалануды дамыту және оған жағдайлар жасау, су үнемдеушi технологияларды ғылыми негiздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануды болдырмау жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдауды талап етедi.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау алғы-шарттарын жасау, су объектiлерiнiң ластануына жол бермеу үшiн елеулi нәрсе халықтың экологиялық бiлiмiн тереңдету арқылы оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетiн көтеру болып табылады.
Су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiн жақсарту
Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтiру және қорғау процестерiнiң теңдестiрілуiн қамтамасыз ету негiзiн қалайтын iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Қоршаған ортаның қазiргi жай-күйi және экономика салаларының күтiлiп отырған экономикалық өсуi су ресурстарын қорғау және қалпына келтiру жөнiнде тиiстi алдын алу iс-шараларын қабылдап, енгiзбесе, су объектiлерiнiң экологиялық жай-күйiнiң нашарлауына алып келедi.
Республикада қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды мемлекеттiк басқару жүйесiн қалыптастыру жүрiп жатыр, қоршаған ортаны және оның су объектiлерi сияқты маңызды құрамдасын қорғауды жақсартуға, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болдырмауға бағытталған бiрқатар заңнамалық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар жұмыс iстейдi. Экономикалық қауiптi қызметке талаптар мен бақылау қатайтылған, экология мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық нығайып келедi.
Қолданыстағы Су K933000_ кодексiне сәйкес су көздерiн жергiлiктi қорғау және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау құрылыстарын жобалауға қойылатын санитарлық талаптар әрбiр нақты жобада көзделедi.
Ауыз суды ұтымды жұмсауға ынталандыратын экономикалық құралдарды әзiрлеу және iске асыру қажет.
Бағдарлама су экологиясы саласында iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзуге арналған ғылыми-зерттеу институттарының қалыптасуын әрi олардың желiсiн қолдауды көздейдi.
Халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн тигiзетiн ақпараттық орта жасау.
Таза ауыз суды алу, оны ұтымды пайдалану халықтың барлық жiктерiнiң өмiрлiк мүдделерiн қозғайтын болғандықтан, тек мемлекеттiк ғана емес, жалпыадамзаттық проблема болып табылады. Өкiнiшке қарай, жұртшылықпен жұмыс тиiстi деңгейге қойылмаған. Осы проблеманы шешумен байланысты iс-шаралардың тиiмсiздiгiнiң себебi көбiнесе оны шешумен айналысатын мемлекеттiк органдар арасында үйлестiрудiң және қалың жұртшылықпен өзара iс-қимылының нашарлығы.
Халықты сумен қамтамасыз ету мәселелерi жұртшылықты кеңiнен тарта отырып, ашық шешiлуi тиiс. Судың табиғи су объектiлерiндегi, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйелерiндегi де сапасы туралы ақпарат, оны тазалау мен жеткiзу құны әрбiр азаматқа мәлiм болуы тиiс, бұл ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсiнуге септiгiн тигiзедi.
Халықты осы проблемалар бойынша кеңiнен хабардар ету әрi бiлiм беру халықта экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениеттi қалыптастыру үшiн Бағдарламада мыналар көзделедi:
1) су ресурстарын, әсiресе ауыз суды ұқыпты пайдалану мәселелерiне кiтапшалар, топтамалар шығаруды, радио және телехабарлардың тұрақты циклiн жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жария етудi қамтамасыз ету;
2) ауыз суды ұтымды пайдалану саясатын айқындауға қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдарды тарту.
Қазақстан азаматтары суды тұтыну және су ресурстарын қорғауды ұйымдастыру саласын басқару процестерiне осы проблемаға қатысты мәселелер талқыланатын немесе шешiлетiн референдумдарға, "дөңгелек үстелдерге" және басқа да iс-шараларға қатысу арқылы ықпал ете алады.
Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметiн басқаруды, үйлестiрудi
жетiлдiру әрi оның тиiмдiлiгiн арттыру
Бағыт халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етуге арналған өзара байланыстырылған шаралар кешенiн көздейдi.
Халықты сумен қамтамасыз ету процесiн бақылау және жоспарлауды мемлекет жүзеге асырады.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi шаралар:
Үкiмет, жергiлiктi атқарушы органдар мен суды пайдаланушылардың мемлекеттiк емес бiрлестiктерi арасындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесiндегi өндiрiс құралдарына меншiктi нақты бөлудi көздейтiн сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесiн жетiлдiру;
су шаруашылығы объектiлерiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау;
суды ақылы пайдалану жүйесiн жетiлдiру және бастапқы кезеңде суды пайдалануға мемлекеттiк субсидиялауды енгiзудiң негiзiнде суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн жасау;
халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, оның сапасын жақсарту жұмыстарымен қамтылған ұйымдардың, соның iшiнде мемлекеттiк емес ұйымдардың қалыптасуына қолдау көрсету;
су объектiлерi мониторингi жүйесiн дамыту болып табылады.
Облыстар бойынша бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттарын дамыту iс-шаралары төменде келтiрiлген:
Қызылорда облысы Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймағы ретiнде басым аймақтардың қатарына жатқызылған. "Арал теңiзi ауданындағы экономикалық және санитарлық жағдайды түбегейлi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" қаулыны орындау үшiн ауыл шаруашылығын сумен жабдықтаудың бiрқатар объектiлерi салынды, Арал және Қазалы аудандарының қала және ауыл халқын сумен қамтамасыз ету үшiн Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын салу жалғастырылуда. Оң жағалау және Жиделi топтық су құбырын салу басталды. Бағдарламада халықты сумен қамтамасыз етудiң бұрын көзделген iс-шараларын одан әрi iске асыру көзделуде. Оң жағалау, Талап және Сырдария топтық су құбырларын салу көзделуде. Облыстың бұрыннан берi сумен қамтамасыз етiлмеген 60 кентi үшiн жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде. Минералданған жер асты сулары басым аудандарда суды тұщыту қондырғыларын салу көзделедi. Қызылорда қаласында, басқа да қалалар мен ауылдық кенттерде сумен жабдықтаудың қазiргi жүйелерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының кешенi көзделуде.
Маңғыстау облысының халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы Астрахань-Маңғышлақ суағарынан толық тұрақтандырылады. Оны қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу тасымалданатын судың қажеттi көлемi мен сапасын қамтамасыз етуге, су берудiң сенiмдiлiгiн арттыруға әрi оны беруге арналған пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Ақтау қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мiндеттерiн iске асыру үшiн ұзындығы 105 км Жетiбай-Ақтау су тартқышын және су тазарту құрылыстарын қосымша салу қажет.
Жаңаөзен қаласын сумен қамтамасыз ету үшiн тұщытылған теңiз суын беретiн Фетисово-Жаңаөзен су тартқышын салу көзделген ал, қала үшiн баламалы нұсқа ретiнде Едiл суын беру қарастырылуда.
Бағдарламада кенттердi топтық су құбырлары магистральдарына қосу үшiн жаңа су құбыры жүйелерi мен құрылыстарын салу әрi қазiргiлерiн қайта жаңарту көзделуде.
Шығыс Қазақстан облысы халықтың сумен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша неғұрлым тәуiрлерiнiң қатарына жатады. Барлық қалалар мен iрi ауылдық кенттерде сумен қамтамасыз етудiң орталықтандырылған жүйелерi бар. Бағдарламада шағын ауылдық кенттердiң халқын ауыз сумен орталықтандырылған қамтамасыз ету үшiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары және жекелеген су жинаушы құрылыстарды салу көзделген.
Алматы облысы. Су құбырлары жүйелерiнiң көпшілiгiнiң техникалық жай-күйi оларды жұмыс iстейтiн күйде ұстау үшiн шұғыл шараларды қабылдауды талап етедi. Алматы қаласының 2200 км құрайтын қалалық су құбыры желiлерiнiң 1380 км-нiң жұмыс iстеу мерзiмi өткен. Облыстың басқа қалаларындағы желiлер де қажеттi жөндеусiз ұзақ мерзiм бойы пайдаланылуда.
Бағдарламада жалпы ұзындығы 1000 км-дан астам қалалық және кенттiк желiлерде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары көзделген. Экономикасы тоқырауға ұшыраған Ақсу және Райымбек аудандарын қоса алғанда, 360 ауылдық кентте жергілiктi су құбырларын салу әрi қайта жаңарту көзделуде.
Оңтүстiк Қазақстан облысының қаладағы халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту үшiн Шымкент, Шардара, Сарыағаш, Түркiстан және Шолаққорған қалаларының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту көзделуде. Бағдарламада Түркiстан - Кентау су тартқышын салу көзделуде. 2002 жылғы басым объектiлердiң тiзбесiне халқының саны 25 мыңнан астам Шолаққорған қаласындағы су құбыры енгiзiлген.
Шәуілдiр және Арыс топтық су құбырларын салу жалғастырылуда, оған республикалық бюджеттен 260 миллион теңге көзделуде.
Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарығаш және Қазығұрт аудандарының халқы сапалы ауыз су тапшылығын сезiнуде. Бұл проблема Өгем топтық су құбыры бойынша Өгем өзенiнен су беру есебiнен шешiлуi мүмкiн. Бұл аймақта ауыз судың басқа баламалы көзi жоқ.
Ақмола облысы халқын сумен жабдықтаудың ең өткiр проблемасы республиканың елордасы Астана қаласының сумен қамтамасыз етiлуiн ұлғайту болып табылады. Ертiс-Қарағанды арнасынан Есiл өзенiне суды бұру үшiн құрылыстар мен суағар салу, сондай-ақ Вячеслав су қоймасынан қалаға дейiн суағардың 3-i желiсiн салу аяқталды. Су құрылыстарын кеңейту және жаңаларын салу көзделуде. Қаланың iшкi желiсiндегi 94 км желiнi ауыстыру көзделуде.
Бағдарламада Көкшетау қаласы мен Бурабай курорт аймағы халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшiн Көкшетау өнеркәсiптiк су құбырын салуды жалғастыру көзделген.
20 жылдан астам пайдаланып келген Сiлетi және Нұра топтық су құбырлары да оларды қалпына келтiру үшiн шұғыл шаралар қабылдауды талап етуде. Бағдарламада тоқыраудағы әрi сумен нашар қамтамасыз етiлген Жарқайың және Қорғалжын аудандарын қоса алғанда, облыстың ауылдық кенттерiнде сумен жабдықтаудың жергілiктi жүйелерiн жұмыс істейтiн күйде ұстауға және жаңаларын салуға шығындар көзделген.
Солтүстiк Қазақстан облысы орталықтандырылған жүйеде ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейi мен қамтылуы жөнiнде әрқашанда алда болатын, оған жалпы ұзындығы 5 мың километрден астам топтық су құбырларының тармақтанған желiсiнiң жолға қойылуы жәрдемдестi. Оларды ұзақ уақыт пайдаланудың нәтижесiнде (кейбiр тармақтары 25-30 жыл бойы қызмет етуде) және жекелеген учаскелерiндегi қолайсыз факторлардың әсерiнен су құбырлары толық жарамсыз күйге келдi. Сорғыш станцияларының сорғы және электротехникалық жабдықтары әбден ескiргендiктен, ауыстырылуы тиiс. Бiр-бiрiмен байланыстырылған жүйелерден орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, нарық экономикасы жағдайында пайдалану шығындарының өсуi, ұзақ уақытқа ажыратып тастау және соның салдарынан көптеген судың ысырап болуынан тиiмсiз болып шықты. Халықты ауыз сумен кепiлдi қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламада сумен жабдықтау жүйелерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде мынадай iс-шаралар көзделуде:
топтық су құбырларының бас учаскелерiнiң қазiргi жұмыс iстеу схемасын сақтау;
жалпы жүйедегi топтық су құбырларының соңғы және жекелеген тұйықталған учаскелерiн сегменттеу (ажырату);
Булаев және Беловодск топтық су құбырларының жекелеген тармақтарына жаңа көздердi - жер асты суларының барланған қорларын қосу;
жер асты суларының жергiлiктi ресурстары есебiнен топтық желiлерге бұрын қосылғаны және қосылмағаны бар 220 кенттi жергiлiктi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
шағын кенттерге сапасы iшуге жарамды суды су құбырларымен жеткiзу.
Аталған iс-шаралар қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылуда, оған 2001-2002 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 238 млн. теңге көзделген.
Павлодар облысының аумағындағы су ресурстарының әркелкi бөлiнуi және олардың сапасы оның жекелеген аудандары халқының сумен қамтамасыз етiлуi деңгейiн айқындайды.
Ауыл халқының үштен бiрiне жуығы минералдануы жоғары суды пайдалануда.
Бағдарламада бiрiншi кезектегi шара ретiнде жұмыс iстеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерiндегi тұщыту станцияларын орнату және 115 кентте тұщыту қондырғыларымен бiрге жаңа блок-жүйелерiн салу көзделуде. Май ауданы халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту үшiн Май топтық су құбырын қайта жаңарту көзделуде.
Елдi мекендердiң 70%-тен астамы сапасына кепiлдiк жоқ суды пайдаланатын Ақтоғай ауданында проблема күрделi күйiнде қалуда.
Сумен жабдықтаудың баламалы көздерi жоқ кенттер үшiн Беловодск топтық су құбырының бiр бөлiгiнiң жұмыс iстеуiн қалпына келтiру қажет. Бағдарламада ауыл халқының 265 мыңнан астам адамын сумен жабдықтау қамтылады. Бағдарламада жер асты суларын пайдалану, сондай-ақ облыстың басқа да қалаларында су құбырларын жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары есебiнен Павлодар қаласын сумен жабдықтауды жақсарту көзделедi.
Қостанай облысы. Су көздерi бойынша нақты балама жоқ топтық су құбырларына таяу жылдары кенттердi бiртiндеп қоса отырып, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажет. Тоқырауға ұшыраған Амангелдi және Жангелдин аудандарын қоса алғанда, облыстың 275 кентiнде сапасына кепiлдiк жоқ жердiң бетiндегi және жер асты су көздерiнен бұрын орталықтандырылмай берiлген жергiлiктi жүйелердi салу және қайта жаңарту арқылы халықты сапалы ауыз сумен жабдықтау көзделуде. Олар iске қосылғаннан кейiн 12 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапасы сенiмдi ауыз су алатын Лихачев және Ұзынкөл топтық су құбырларын салуды таяу жылдары аяқтау көзделуде.
Бiрқатар кенттер үшiн суы тиiсiнше тазартылған және дайындалған жер бетiндегi сулар баламалы көз ретiнде айқындалған. Бағдарламада қалалар мен қалалық кенттердiң халқын сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту көзделуде.
Ақтөбе облысының халқын сумен қамтамасыз ету толық дерлiк жер асты суларынан негiзделген. Ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi шаралар бағдарламасы:
қосымша ұңғымалар бұрғылау, сорғы станцияларын салу - су жинауыштарды кеңейту жолымен қалалар және ауылдық кенттер халқын сумен қамтамасыз етiлудi арттыруды;
баламалы су көздерiн iздестiру немесе қазiргi бар минералданған жер асты суларын тұщыту жолымен тұтынылатын судың сапасын жақсарту неғұрлым iрi кенттерде жергiлiктi су құбырларын салу;
сапалы ауыз суды шағын кенттерге жеткiзу.
Жер асты суларының сапасы жақсы Сарыбұлақ су көздерi тобынан су алуды ұлғайту жоспарлануда. Ырғыз ауданындағы кенттердiң сумен жабдықталуының жай-күйiн жақсарту үшiн Ырғыз және Нұра топтық су құбырларын қайта жаңарту көзделуде.
Атырау облысы халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы күрделi күйiнде қалуда. Облыс халқының 20%-тен астамы шаруашылық-ауыз суға ашық көздердегi тазартылмаған және зарарсыздандырылмаған суды пайдаланады. Атырау қаласының және Атырау-Мақат-Сағыз су құбыры бойынша су алатын ауылдық кенттердiң халқы ауыз су тапшылығын сезiнуде. Қазiргi уақытта Атырау қаласында су құбыры және кәрiз желiлерiн қайта жаңарту жүргiзiлуде. Бағдарламада халықты сумен қамтамасыз ету жағдайын тұрақтандыру жөнiнде бiрқатар шаралар көзделген. Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай кен орындарына ауыз су мұқтаждары үшiн дайындаумен қатар, су беру үшін салынған Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта жаңартуды жүргiзу қажет. Индер кентiнде су тазарту құрылыстарын күрделi жөндеуден өткiзу Құлсары кентiнде кентiшілік желiнi ауыстыру талап етілуде. Жер үстi суларын тазартуға арналған шағын құрылыстарымен бiрге 37 ауылдық кент үшiн жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде.
Қоянды топтық су құбыры 2-кезегiнiң құрылысын салуды жалғастыру және Индер-Миялы және Майкөмген-Шұбыртпалы суағарларын қайта жаңартуды жүргiзу қажет. Жоғарыда аталған барлық шаралар облыс халқының 300 мыңнан астам адамын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Батыс Қазақстан облысының қаладағы халқы, жалпы алғанда ауыз сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеген. Бағдарламада қалалардағы сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды қалыпты жағдайда ұстау үшiн бiрқатар iс-шаралар көзделдi. 130 ауылдық елдi мекендi сумен жабдықтау жалпы ұзындығы 2 мың километрден астам 6 топтық су құбырынан берiледi. Соңғы 3-5 жылда Фурманов және Тайпақ су құбырлары пайдаланылған жоқ және нормативтiк қызмет ету мерзiмi аяқталғандықтан, қайта қалпына келтiруге жатпайды. Оларға бұрын қосылған 55 кенттi сумен қамтамасыз ету үшiн Бағдарламада жер бетiндегi және жер асты су көздерiнен су алатын жергiлiктi су құбырларын салу көзделуде. Соңғы жағдайда суды тиiсiнше тазарту көзделедi. Облыстың басқа да топтық су құбырларында оларды қайта жаңарту - жекелеген учаскелердегi құбырларды ауыстыру кенттердегi су құбырлары құрылыстарын жөндеу көзделген. Сонымен қатар, бұрыннан бар жергiлiктi су құбырларын қайта жаңарту, ауыз суды дайындаудың технологиялық процестерiн және сорғы станцияларының жабдықтарын жаңалау көзделедi.
2005 жылға дейiнгi кезеңде Искра топтық су құбырының құрылысын аяқтау және сумен жабдықтаудың баламалы көзi жоқ Орда ауданы кенттерiн ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн Орда топтық су құбырын қайта жаңарту аяқтау көзделуде. Жалпы алғанда, облыс бойынша ауыл халқының 220 мыңға жуық адамы сумен қамтамасыз етудiң жай-күйін жақсарту жөнiндегi iс-шаралармен қамтылған.
Жамбыл облысының аумағында жер асты суларының кең таралғандығынан, қалалар мен кенттердi сумен жабдықтау, негiзiнен жергiлiктi су құбырлары арқылы шешiлуде. Бiрiншi кезектегi iс-шаралар ретiнде токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткiштер бойынша iшуге жарамсыз жер асты суларын пайдаланатын кенттерде жаңа жергiлiктi су құбырларын салу және жұмыс iстейтiндерiн қайта жаңарту көзделуде. 400 мыңға жуық адам тұратын 250 кент үшiн сумен қамтамасыз етудiң сапасын жақсарту және арттыру көзделуде.
Бағдарламада қалалық сумен жабдықтау жүйелерiн пайдаланудың қалыпты жағдайларын қолдау үшiн қажеттi қаражат көзделедi. Бағдарламаны iске асыру: 1) сумен жабдықтау және суды тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi; 2) ұйымдастырушылық iс-шараларды жүргiзудi; 3) техникалық iс-шараларды жүргiзудi; 4) сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетiлдiрудi көздейдi. Сумен жабдықтау және суды тұтыну саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру:
1) халыққа арнап ауыз су шығаратын құралдарға меншiк құқығын және осымен байланысты мүлiктiк қатынастарды заң жүзiнде реттеудi; Сумен жабдықтаудың барлық объектiлерiне меншiк құқығын тәртiпке келтiрудi;
2) мемлекеттiк емес (жеке) секторды тарта отырып, халыққа ауыз су беру жөнiндегi қызмет көрсету рыногын құру мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi;
3) шаруашылық-ауыз суды тұтынудың ғылыми негiзделген үлестiк нормаларын әзiрлеудi;
4) "Ауыз су туралы" заң әзiрлеп, қабылдауды;
5) ауыз сумен жабдықтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк стандарттар әзiрлеп, енгiзудi:
ауыз судың сапасын бақылаудың әдiстерiне арналған стандарттарды;
ауыз судың сапасына, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерiне қойылатын гигиеналық талаптарды белгiлейтiн санитарлық ережелер мен нормаларды (СанЕН), стандарттарды;
"Сумен жабдықтаудың" құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНЕ);
6) мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу, халыққа берiлетiн ауыз судың сапасы мен су көздерiнiң жай-күйiне кешендi мониторинг жүйесi, су айдындарына ластаушы заттарды тастауға жол берiлетiн шектi деңгейiн айқындау, суды қорғау аймағының көлемi мен шекарасын айқындау мәселелерiне қатысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңаларын әзiрлеу; шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды жобалауға, ауыз суды бөтелкеге құюға қойылатын санитарлық талаптарды әзiрлеудi қамтиды.
Ұйымдастырушылық iс-шаралары:
1) суды өндiру мен халыққа берудi басқару құрылымын қайта ұйымдастыруды;
2) халықтың ауыз суға қол жетiмдiлiгiн және оның сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөнiндегi неғұрлым маңызды iс-шаралардың үйлестiрiлген жоспарларын жыл сайын әзiрлеудi қамтиды.
Техникалық iс-шаралар жаңа су құбыры жүйелерiн жасау және қазiргiлерiн қайта жаңарту, су көздерiнiң жай-күйiн жақсарту, ауыз сумен жабдықтаудың балама көздерiн іздестiру әрi жұмылдыру жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды.
Бағдарламада көзделген халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық iс-шаралардың негiзгi көрсеткiштерi 1 және 2-қосымшаларда келтiрiлген.
Техникалық iс-шараларды iске асыру сумен жабдықтау жүйелерi мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиiмдi етуге, су берудiң шығындарын азайтуға мүмкiндiк жасайтын жаңа технологиялар әрi техникалық шешiмдер енгiзудi көздейдi.
Су құбырларын таттануға төзiмдi қасиетi бар және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қолдануға рұқсат берген полиэтилен, әйнек пластикалық құбырлардан, сондай-ақ қыздырылған шойыннан жасалған құбырлардан салу көзделген. Бұл су құбырларының болашақта аварияға ұшырауын азайтып, оларды пайдалану мерзiмiн ұзартады.
Су тазарту станцияларын ауыз суды дайындаудың қазiргi технологияларын пайдаланып, суды фтордан, ауыр металдардан, хлоридтерден, сульфаттардан, нитраттардан, нитраттардан және басқа да адам ағзасына зиянды химиялық қосылыстардан тиiмдi тазартуды қамтамасыз ететiн табиғи материалдарды қолданып жүргізу көзделуде.
Тұзы шамалы және өте тұзды суларды тұздан тазартып, ауыз су алу үшiн темiрдi, марганецтi шығару қышқылдылығын азайту, сондай-ақ өндiру күшi әртүрлі жүйелер үшiн судың кермектiгін азайту мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк беретiн отандық және шетелдiк әртүрлi өндiрушiлердiң жабдықтарын пайдалану көзделуде.
Осы саладағы мемлекеттiк саясат республикада суды тұщыту және тазарту жөнiндегi қазiргi заманғы жабдықтарды, құбырларды, әртүрлi сантехникалық және басқа да көмекшi жабдықтарды өнеркәсiпте шығару жөнiндегi қуаттарды құруға бағытталуы тиiс. Отандық фирмалардың жаңа технологияларын қолданудың бiрқатар артықшылығы бар: жұмыс орындары құрылады, құрылыс құны төмендейдi.
Сумен жабдықтау саласындағы экономикалық және қаржылық тетiктердi жетілдiру:
1) Халықты ауыз сумен жабдықтау жөнiндегi бағдарламаны инвестициялаудың принципi мен құрылымын айқындауды;
2) халыққа су беру, таза суды бөтелкеге құю және суды тазартудың жеке құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге жеке секторды тартып, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында бәсекелестiк ортаны құруды;
3) сумен жабдықтау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер жүйесiн қалыптастыратын, ауыз суды қоса алғанда, суға бағаны белгiлеудiң ғылыми негiзделген икемдi тетiгiн құруды; Қызмет көрсету рыногында тұтынушыға таңдау жасауға мүмкiндiк беретiн адал бәсеке маңызды қозғаушы күшке айналуға тиiс. Судың бағасының халыққа қол жетiмдi болуы, ал су берудiң шығындары су тұтынушылардың төлемдерi есебiнен өтелуi тиiс;
4) экономикалық өсудiң алғышарттары жасалғаны және өзін өзi қаржыландыру негiзiнде жұмыс iстеу мүмкiндiгi туғанға дейiн пайдаланудың бiрiншi кезеңiнде сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерiн дотациялаудың тетiгiн әзiрлеудi;
5) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң мүдделерiн ескере отырып, су шаруашылығы саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.
Экономикалық блок ауыз суды ұтымды пайдалану және оған бүкiл халықтың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн заңды және жеке тұлғалардың бүкiл басқару, ғылыми-техникалық және басқа да қызметiнiң өзара байланысын қамтамасыз етуi тиiс.
Бағдарламаны iске асырудың мынадай тетiгi көзделуде:
республикалық және облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектiлерi, ал жекелеген аймақтарда ауданаралық ауылдық топтық су құбырлары Қазақстан Республикасының тиiстi жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады;
облыстық, аудандық және жергiлiктi маңызы бар сумен жабдықтау объектiлерi жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары бекiткен немесе мемлекеттiк емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалардың негiзiнде, жергілiктi бюджеттердiң, заемдардың, тiкелей шетелдiк немесе отандық инвестициялардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Бағдарламалық iс-шараларды iске асыруды Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң, Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің облыстық бөлiмшелерi, облыстық құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаменттерi, "Су арнасы" қалалық басқармалары және мемлекеттiк емес сектордың су шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
Осы Бағдарламаны iске асыру әзiрленген iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы негiзгi проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруiне ден қоюға, шаралардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру 2 кезеңге жоспарланып отыр:
1-кезең (2002-2005 жылдар) - халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi объектiлердi салуды жалғастыру. Сумен жабдықтау құрылыстарына, жер асты су қорлары мен су алғыштарына түгендеу жүргiзу. Iрi топтық су құбырларын жандандыру және орталықсыздандыру. Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардағы қалалық желiлердi қайта жаңарту. Сумен жабдықтау үшiн жабдықтар, аспаптар мен құрамдас бөлiктердi шығару жөнiндегi салалық базаны, жаңа технологиялық өндiрiстердi құру.
2-кезең (2006-2010 жылдар) - сумен жабдықтау жүйелерiн салуға және iшуге жарамды суды дайындауға алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетiстiктерiн енгiзу жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыру. Елдiң халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшiн жүйелер мен құрылыстар салу және оларды қайта жаңарту.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Салалық "Ауыз су" бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға инвестициялардың жалпы көлемi 115,1 млрд. теңге мөлшерiнде айқындалған, бұл қаражат тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатынан басқа, су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлi бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
2005 жылға дейiнгi кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су сапасының - ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң одан әрi нашарлауын тоқтатуды, судың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы мiндетiн бастауды көздейдi.
Бағдарламаның iс-шараларымен 4,0 млн. жуық адам тұратын 3,7 мың ауылдық елдi мекен және саны 3 млн. адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.
Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерiн құру, жұмыс iстеп тұрғандарды қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң рыногын қалыптастыру және Бағдарламада көзделген бiрқатар басқа да шаралар:
халықтың сапалы ауыз суға қол жетiмділігiн ұлғайтуға, бұл тұтастай алғанда, қамтамасыз етiлу деңгейiн 65%-ға арттырады;
орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерiнiң суларын пайдаланатын халықтың үлесiн арттыруға, тұтастай алғанда ел бойынша 20-25%-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 40%-ға және одан да көбейтуге;
ауыз су сапасының санитарлық ережелерi мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздерi мен сумен жабдықтау жүйелерiнiң сенiмдiлiгiн арттыруға;
iшуге жарамды жергiлiктi жер асты суларын мейлiнше тартуға;
сапасы негiзiнен бактериалды ластанумен сипатталатын жер бетiндегi көздердiң суын ауыз су мақсатында орталықсыздандырылған пайдалануды жоюға;
тез дамитын iшек-қарын инфекциялары тобы бойынша, бауырдың қабынуының А вирусы бойынша берілетiн су факторына байланысты халықтың ауруын 70-80%-ға төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi;
қосымша 200 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға;
сумен жабдықтау көздерiне қолайсыз экологиялық ықпал етудiң мүмкiндiгiн болдырмауға;
жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел мониторинг жүйелерiн құруға;
құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерiнде жаңа технологияларды енгiзу, сондай-ақ бiрқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерiн баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады әрі ол сайып келгенде, ел халқының денсаулығына және рухани салауаттылығына оң ықпал етеді.
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына 1-қосымша
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының
негізгі көрсеткіштері __________________________________________________________________________ Р/! Облыстар !Іс-ша.!Негізгі іс-шаралар құрамы (елді мекендер саны) с ! !рамен !______________________________________________ N ! !қамты.!Су құбырлары.!Жергі. !Су құ.!Су !Жер !Орта. ! !лған .!ның құрылысын!лікті !бырла.!дай. !асты!лықтан. ! !тұты. !салу, км !су !рын !ындау!су. !дырыл. ! !нушы. !_____________!құбыр. !қайта !стан.!лар.!маған ! !лар !Жаңа !Қайта !лары !құру !ция. !ын !сумен ! !саны ! !құру ! ! !лары !бар.!қамта. ! !елді ! ! ! ! !(тұщ.!лау !масыз ! !мекен ! ! ! ! !ыт-р.! !ету ! !мың ! ! ! ! !және ! !көз. ! !адам ! ! ! ! !т.б.)! !дері ___________________________________________________________________________ 1 Ақмола 358/373 226 752 18 64 - 10 105 2 Ақтөбе 290/272 92 278 27 111 8 - 140 3 Алматы 464/619 86 440 31 90 - - 240 4 Атырау 81/138 230 100 37 15 37 - - 5 Шығыс Қазақстан 164/236 - 196 - 164 - - - 6 Жамбыл 250/380 103 290 19 14 16 - 94 7 Батыс Қазақстан 214/219 128,6 275 21 70 22 38 38 8 Қарағанды 275/126 109,1 199,4 26 29 40 - 220 9 Қостанай 499/389 494,5 443 184 91 10 2 209 10 Қызылорда 202/277 1354,3 45 60 30 38 - - 11 Маңғыстау 32/39 38 48 6 16 1 - 10 12 Павлодар 336/278 303 186 30 147 120 147 - 13 Солтүстік Қазақстан 345/256 139 470 61 - 16 145 - 14 Оңтүстік Қазақстан 126/347 468 56 9 117 - - - Барлығы 3636/3955 3771,5 3778,4 529 958 308 342 1056 ___________________________________________________________________________
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына 2-қосымша
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының
негізгі көрсеткіштері ___________________________________________________________________________ Р/! Облыстар !Іс-ша.! Негізгі іс-шаралар құрамы с ! !рамен !_______________________________________________ N ! !қамты.!Алаңнан !Су алу құ.!Суды таза.!Қалалық !Жер ! !лған !тыс су құ.!рылғылары.!рту құрыл.!жүйелер, !асты ! !тұты. !бырлар, км!ның саны !ғыларының ! км !су ! !нушы ! ! !саны ! !ла. ! !лар !__________!__________!__________!_________!рын ! !саны !ж !қайту !ж !қайта !ж !қайта !ж!қайта !бар. ! !(қала)!а ! құру !а !құру !а !құру !а!құру !лау ! !мың !ң ! !ң ! !ң ! !ң! ! ! !адам !а ! !а ! !а ! !а! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! ___________________________________________________________________________ 1 Ақмола 3/481 83 51 - 3 3 1 - 148 - 2 Ақтөбе 5/333,7 - - 2 - - 1 - 143 - 3 Алматы 5/1439 - 23 - - - - - 580 - 4 Атырау 4/200,4 - - - - 1 2 - 83 - 5 Шығыс Қазақстан 14/800 - 16 2 2 - - 16 184 - 6 Жамбыл 3/340 - - - - - 2 - 110 - 7 Батыс Қазақстан 1/225 - - 1 - 1 - - 108 - 8 Қарағанды 6/478 - - 1 1 - - 62 - - 9 Қостанай 7/372,6 18 - - - - - 31 209 - 10 Қызылорда 4/228 - - 2 - - 1 - 160 - 11 Маңғыстау 3/201,4 187 - - - 1 - - 56 - 12 Павлодар 1/300,5 - - 1 - - - - 105 - 13 Солтүстік Қазақстан 1/204 - - - - - - - 80 - 14 Оңтүстік Қазақстан 6/563 68 - 2 1 1 - - 300 2 ҚР бойынша барлығы 63/5956 356 90 11 7 7 7 109 2289 2 ___________________________________________________________________________
2002-2010 жылдарға арналған салалық
"Ауыз су" бағдарламасына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының 2002-2010 жылдарға арналған
"Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 1. Қолданудағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің пайдалану ахуалын ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру ___________________________________________________________________________ Іс-шара !Аяқталу нысаны !Орындау !Орындауына ! !мерзімі !жауаптылар ____________________________!__________________!__________!________________ 1. Ауылдық елді мекендердегі Қазақстан Жыл сайын Облыс әкімдері сұ құбыры құрылғыларын және Республикасы АШМ жергілікті су құбыры жүйеле. Үкіметіне ақпарат рін қайта құру беру ___________________________________________________________________________ 2. Қаланың ішкі су құбырлары Қазақстан Жыл сайын Астана, Алматы жүйелерін қайта құру және Республикасы және де басқа дамыту Үкіметіне ақпарат қалалардың беру Әкімдері ___________________________________________________________________________ 3. Жұмыс жағдайында сақтап Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, Облыс тұру үшін топты су құбырла. Республикасы Әкімдері рының басты желілерін Үкіметіне ақпарат қайта құру беру ___________________________________________________________________________ 2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа баламаларын игеру мен балама су көздерін дамыту ___________________________________________________________________________ Іс-шара !Аяқталу нысаны !Орындау !Орындауына ! !мерзімі !жауаптылар ____________________________!__________________!__________!________________ 4. Баламалы су көздерінен Сегментациялау 2002-2010 Облыс әкімдері, сумен қамтамасыз етуге ауыз жобаларын жасап жылдары ТРҚОҚМ су үшін неғұрлым кіші топты оны іске асыру жүйені құру мақсатында сег. ментациялау ___________________________________________________________________________ 5. Қала мен поселке тұрғын. Пайдалануға 2002-2010 ТРҚОҚМ, Облыс дарын орталықтан қамтамасыз енгізу жылдары Әкімдері ету үшін жаңа сумен жабдық. тау жүйелерін салу ___________________________________________________________________________ 6. Сумен қамтамасыз ету жү. Қазақстан 2002-2010 ТРҚОҚМ, ЭМРМ йелері құрылыстарын салуда Республикасы жылдары Облыс Әкімдері жаңа материалдар мен техно. Үкіметіне логияларды енгізу ақпарат беру ___________________________________________________________________________ 7. Тұрғындардың тұщы сумен Қазақстан 2002-2005 ЭМРМ қамтамасыз етілуін бағалау Республикасы жылдар үшін жер асты ресурстарының Үкіметіне пайдалануға болатын болжам. ақпарат беру дық мөлшерін анықтау ___________________________________________________________________________ 8. Жаңадан жер асты су көз. Қорларды бекіту 2002-2010 ЭМРМ дерін табу және анықтау жылдары үшін барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу ___________________________________________________________________________ 9. Жер асты суларының бар. Пайдалануға Жыл сайын ЭМРМ, ТРҚОҚМ, ланған кенiштерiн игеру енгізу Облыс Әкімдері ___________________________________________________________________________ 3. Тұтынатын су сапасын жақсарту ___________________________________________________________________________ 10. Минерализацияланған жер Тұщыландырылатын 2002-2010 ТРҚОҚМ, АШМ асты сулары жаппай таралған қондырғыларды жылдар Облыс Әкімдері аймақтар үшiн сумен жабдық. пайдалануға тау жүйесiне тұщыландырыла. беру тын қондырғылар орнату ___________________________________________________________________________ 11. Жаңа цеолиттiк материал. Цеолитпен тол. 2002-2010 ТРҚОҚМ, дарды қолдана отырып жерүстi тырылған сүзгіш. жылдары Облыс Әкімдері суларын тазарту терді пайдалану. ға беру ___________________________________________________________________________ 12. Суды фтор, темiр, мар. Жаңа техно. 2002-2005 ЭМРМ, ТРҚОҚМ, ганец және басқа да зиянды логияларды жылдар Облыс Әкімдері құрамдастардан ШЖШ-ға дейiн енгізу тазарту, сонымен қатар суды залалсыздандыру жөнiнде жаңа технологияларды қолдану ___________________________________________________________________________ 13. Сапалы ауыз су дайындау Қазақстан 2002-2005 ЭМРМ, ТРҚОҚМ, және суды өлшеу құралдарын Республикасы жылдар Облыс Әкімдері шығаруды ұйымдастыру үшiн Үкіметіне құбырлар, арматуралар, әр. ақпарат беру түрлi сантехникалық сайман. дар мен қондырғылар жасайтын отандық кәсiпорындарды қайта жандандыру және жаңаларын салу ___________________________________________________________________________ 4. Ауыз суды ұтымды пайдалану ___________________________________________________________________________ 14. Ауыз суды пайдалануда Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, ДСМ, су үнемдеу режимiн енгізуге, Республикасы Облыс Әкімдері өнеркәсiпте суды қайта-айна. Үкіметіне жыл лымды пайдалануға бақылау сайын ақпарат жасау беру ___________________________________________________________________________ 15. Тұтынушылардың барлық Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, Облыс санаттары үшiн барлық жерде Республикасы Әкімдері судың пайдалануына бақылау Үкіметіне жыл жасау сайын ақпарат беру ___________________________________________________________________________ 16. Шаруашылық-ауыз сулық Нормативті акт 2003 жыл ЭСМ су тұтынудың үлес нормаларын жобасы қайта қарау және оңтайландыру ___________________________________________________________________________ 17. Су ресурстарын пайдалан. Үкімет қаулысының 2002-2003 ҚМ, МКМ, ғаны үшiн төлем мөлшерін жобасы жыл ТРҚОҚМ әзірлеу ___________________________________________________________________________ 5. Су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-тазалық ахуалын жақсарту ___________________________________________________________________________ 18. Жер асты суларын ластау. Санитарлық қор. Тұрақты ЭМРМ, ТРҚОҚМ, дан және сарқудан қорғау жө. ғау аймақтарын Облыс Әкімдері нiндегi iс-шараларды жүзеге құру асыру ___________________________________________________________________________ 19. Ауыз сумен қамтамасыз Қазақстан Жыл сайын Облыс Әкімдері ету көздерi - су объекті. Республикасы лерінде су қорғау аймақтарын Үкіметіне ақпарат құру беру ___________________________________________________________________________ 20. Ауыз су мұқтаждарына Екпе ағаштар ай. Тұрақты Облыс Әкімдері пайдаланатын су қоймаларының мағын құру санитарлық-қорғаныс су қорғау белдеулерiнде бұрынғы екпе ағаштарды қайта жаңарту және жаңасын егу ___________________________________________________________________________ 21. Жер асты су көздерiн Қазақстан 2002 жыл ЭМРМ ластаудан келетiн экономика. Республикасы лық залалды бағалау жөнiндегі Үкіметі қаулысы. нормативтi-құқықтық актiлердi ның жобасы әзірлеу ___________________________________________________________________________ 22. Су ресурстарын қорғау Қазақстан Тұрақты ТРҚОҚМ, БҒМ саласында ғылыми-зерттеу Республикасы жұмыстарын жүргiзу Үкіметіне жыл сайын ақпарат беру ___________________________________________________________________________ 6. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын ұғымды түсінуге мүмкіншілік беретін ақпараттық ортаны құру ___________________________________________________________________________ 23. Су ресурстарын, әсiресе Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, МӨҚКМ, ауыз суды ұқыпты пайдалану Республикасы ДСМ, Облыс экологиялық және санитарлық- Үкіметіне Әкімдері гигиеналық жағынан бiлiм беру ақпарат беру және ағарту мәселелерi бойынша кiтапшалар, буклеттер шығаруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, тұрақты радио-теле. бағдарламалар жүйесiн әзiрлеудi қамтамасыз ету ___________________________________________________________________________ 24. Тұрғындарға ақпарат беру Қазақстан Жыл сайын ТРҚОҚМ, МӨҚКМ және ағарту жұмыстарына қаты. Республикасы суға үкiметтiк емес ұйымдарды Үкіметіне және жұртшылық өкiлдерiн тарту ақпарат беру ___________________________________________________________________________ 7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды жетілдіру ___________________________________________________________________________ 25. Құрылысы және қайта құры. ҚР Үкіметі Жыл сайын ТРҚОҚМ, ЭСМ луы республикалық бюджеттен қаулысының қаржыландыруға ұсынылатын су. жобасы мен қамтамасыз ету объектіле. рінің Тізімін әзірлеу және бекіту ___________________________________________________________________________ 26. "Ауыз су" салалық бағдар. Бағдарламалар 2002 жыл Облыс Әкімдері ламасын дамыту үшін жергілік. ті бағдарламалар әзірлеу ___________________________________________________________________________ 27. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурс. 2003-2004 ТРҚОҚМ, АШМ, сумен қамтамасыз ету Бас тар және қорша. жылдар ЭСМ сызбасын жасау ған ортаны қор. ғау министрінің Бұйрығы ___________________________________________________________________________ 28. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурс. 2002-2006 ТРҚОҚМ, АШМ, өзендер бассейндері бойынша тар және қорша. жылдар ДСМ, ЭСМ суды кешенді қорғау және ған ортаны қор. пайдалану тәсімдерін әзірлеу ғау министрінің Бұйрығы ___________________________________________________________________________ 29. Сумен қамтамасыз ету Түгендеу акті. 2003-2004 Облыс Әкімдері, құрылымдары мен көздерінің лері, құрылғылар жылдар ТРҚОҚМ техникалық жағдайын анықтау төлқұжаттары үшін түгендеуді жүргізу ___________________________________________________________________________ 30. Сумен қамтамасыз ету Нормативті- 2002-2003 ТРҚОҚМ, ЭМРМ, су жеткізіп беру жүйелерін құқықтық жылдар ДСМ пайдалану, суды дайындау актілер мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік нұсқамалар мен нұсқауларды, стандарттарды әзірлеу ___________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.