Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс істері жөніндегi комитетiнiң "Мембағалау" жылжымайтын мүліктi бағалау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 қаңтар N 66

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөнiндегi комитетiнiң "Мембағалау" жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 50-1-жол алынып тасталсын;
      2) "2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі