Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөнiндегi комитетiнiң "Мембағалау" жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:  
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):  
      көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі