Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 қаңтар N 62

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкалары;
      3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген

тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының 
жүрiп өту және тиiстi рұқсат құжаттарын беру тәртiбi туралы ақпаратты 
мүдделi шетел мемлекеттерi өкілдiктерiнiң назарына жеткiзсiн.
     4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметінің
                                           2002 жылғы 19 қаңтардағы
                                              N 62 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының
                жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi
                       1. Жалпы ережелер
     1. Осы Ереже өзiне:


      1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шығуын;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруiн (шығуын);
      3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн қамтитын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн реттейдi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттарымен, осы Ереженiң қағидаларымен анықталады және халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде белгiленгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мына автокөлiк құралдарының:
      жабдықталуы бойынша жарамды және жүргiзушiнi қоса алғанда, тоғыздан көп адамды тасымалдауға арналған автобустардың;
      жүк автомобильдерінің (жүк көтерiмділігi 3,5 тоннадан асатын) жүрiп өту тәртiбiн анықтайды.
      4. Шетелдiк азаматтардың (жүргiзушiлер және жүктердi алып жүретiн немесе жолаушылар ретiнде жол жүрушi тұлғалар) Қазақстан Республикасына келуi және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттарымен және Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесiмен регламенттеледi.
      5. Шетелдiк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру бағытын және осы автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығу мерзiмiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

         2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге
                       рұқсат құжаттарын беру тәртiбi

      6. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруi (шығуы) рұқсат құжатының - жол жүруге рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi.
      7. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылатын болса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуi шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талонының негiзiнде жүзеге асырылады.
      8. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша үшiншi мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткiзу пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктiнен үшiншi мемлекеттiң аумағындағы жеткiзу пунктіне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (на) үшiншi елдерге (ден) тасымалдауды орындауға рұқсат беру - рұқсат құжатының негізiнде рұқсат етiледi.
      9. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы уәкілеттi органы шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен осы Ереженiң 6 және 8-тармақтарында көрсетiлген рұқсат құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең алмасуды жүргiзуi мүмкiн.
      10. Шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсат сұраған жағдайда, көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн осы рұқсатты бередi.
      11. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта келе жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жол-жөнекей жүк тиеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға құқықты куәландыру үшiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн беретiн, жол жүруге қосымша рұқсаттың болуы қажет.
      12. Рұқсат құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады.
      Рұқсат құжаттарының бланкiлерін дайындау есепке алу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      13. Рұқсат құжаттарын беру тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары мен жүктерге кедендік құжаттарды кейiннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.

              3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
           шетелдiк автокөлiк құралдарының жүріп өту тәртiбi

      14. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің арасында жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдiк өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажет рұқсат және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуы және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының талабы бойынша ұсынылуы тиiс.
      16. Шетелдiк автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункттің арасында жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
      17. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
      Бұл ретте тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiң тiркеу және айыру белгiлерi болуы мүмкiн.

         4. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының
                      аумағынан шығу және оларға шетелдiк
                           рұқсаттарды беру тәртiбi

      18. Отандық автокөлiк құралдары осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес рұқсат құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетел мемлекеттерiне шыққан кезде, тасымалдаушы бұрын берiлген тапсырыстар негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасын төлегеннен кейiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат құжаттарын ала алады.
      19. Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат құжаты берiледi.
      20. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат құжаттары оларды бұрын берген органға қайтаруға жатады.
      21. Тасымалдаушының оған берілген шетелдiк рұқсат құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
      22. Егер шетелдiк рұқсат құжаттарының бөлiнген саны тасымалдаушылардың тапсырыс берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдiк рұқсат құжаттарының бланкiлерiн бөлу олардың тапсырыс берген санына пропорционалды жүргiзiледi.
      23. Отандық тасымалдаушыларға тапсырыстан тыс шетелдiк рұқсат құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздері тапсырыс берген шетелдiк рұқсат құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргiзiлуi мүмкін.
      24. Отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен теңдеме жүктi тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат құжаттарын беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк
     iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп
                   өтуiне арнайы рұқсаттар беру тәртiбi

      25. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi рұқсат құжаттың - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүріп өтуiне арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
      26. Көлiк саласындағы уәкiлеттi орган арнайы рұқсатты қозғалыс бағыты белгiленгеннен және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасын төлегеннен кейiн бередi.
      27. Егер жүгi бар немесе жүгi жоқ автокөлiк құралының көлемдiк параметрi биiктiгi бойынша 4,5 метрден асатын болса, осы автокөлiк құралымен тасымалдау кезiнде пайдалану мақсатының өзгеруiнсiз, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсiз екi немесе одан көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтын бөлiнбейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана арнайы рұқсат берiледi.
                                             Қазақстан Республикасы

Yкiметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген


       Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының
                    жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкасы мынадай көрсеткiштерге тең:
      жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткішке;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бiр күнтiзбелік жылға шетелдiк рұқсатты ала отырып, тұрақты негiзде жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiшке;
      жолаушылар мен жүктердi халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшiн - 30 айлық есептiк көрсеткішке;
      отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi үшiн өзiне:
      1) 0,005 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi төлем ставкасын әрбiр асыру тоннасына (толық емесiн қоса алғанда) және бағыт бойынша (километрмен) тасымалдаудың ара қашықтығына көбейту жолымен анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының рұқсат етiлген жалпы салмағынан асып түскенi үшiн есептi;
      2) жүктемесi асып кеткен әрбiр жалғыз, қосарланған және үшеуi

қосылған бiлiктер үшiн есептелетiн және 1-кестеде көрсетілген тиiстi 
тарифтердiң бағыт бойынша тасымалдаудың (километрмен) ара қашықтығына 
көбейту жолымен анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi 
жоқ) нақты бiлiкке түсетiн жүктемелерiнiң рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн 
жүктемелерiнен асып түскенi үшiн есептi;
                                                       1-кесте
     --------------------------------------------------------------------
      Нақты бiлiкке түсетiн жүктеменiң ! Рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн
             асып түсуi, %             !  жүктемеден асып түскені үшін
                                       !тариф, айлық есептiк көрсеткiшпен
     --------------------------------------------------------------------
     5,0 %-ға дейiн және оны қоса                     0,011
     алғанда
     5,0-ден 10,0 %-ға дейiн оны                      0,014
     қоса алғанда 
     10,0 %-дан жоғары                                0,190
     --------------------------------------------------------------------
     
     3) автокөлiк құралдарының биiктiгi, енi және ұзындығы бойынша асып 
түскенi үшiн есептелетін және 2-кестеде көрсетiлген тиiстi тарифтердiң 
бағыт бойынша тасымалдаудың (километрмен) ара қашықтығына көбейту жолымен 
анықталатын, автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) көлемдерінің 
рұқсат етiлген көлемдiк көрсеткiштерiнен асып түскенi үшiн есептi қамтиды.
                                                        2-кесте
---------------------------------------------------------------------------
  Автокөлiк құралдарының көлемдiк    !      Рұқсат етілген көлемдік
         өлшемдерi, метрмен          !   өлшемдерден асып түскенi үшiн
                                     ! тариф, айлық есептiк көрсеткiшпен
---------------------------------------------------------------------------
Биiктiгi:
4-тен жоғары 4,5-ке дейiн оны 
қоса алғанда                                        0,009
4,5-нан жоғары 5-ке дейiн оны              
қоса алғанда                                        0,018         
5-тен жоғары                                        0,036
     
Енi:
2,55-тен жоғары (изотермиялық
қораптар үшiн 2,6) 3-ке дейiн
оны қоса алғанда                                    0,009
3-тен жоғары 3,75-ке дейiн
оны қоса алғанда                                    0,019
3,75-тен жоғары                                     0,038
     
Ұзындығы:
рұқсат етiлген ұзындықтан асып
түсетiн әрбiр метр үшiн (толық
еместi қоса алғанда)                                0,004
--------------------------------------------------------------------------
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметінің
                                            2002 жылғы 19 қаңтардағы
                                               N 62 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
          Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге
        арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi
            1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi
     1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi мен басқа 
да сызықтық мөлшерлерi төменде келтiрiлген (метрмен) шамадан аспауы тиiс:
     1) рұқсат етiлген ұзындығы:
     жүк автомобилi                                             12
     автобус                                                    12
     тiркеме                                                    12
     бiрiктiрілген көлiк құралы                                 20
     бiрiктiрiлген автобус                                      18
     автопоезд                                                  20;
     2) рұқсат етiлген енi:
     барлық автокөлiк құралдары                                2,55
     автокөлiк құралдарының изотермиялық қораптары             2,6
     3) рұқсат етiлген биiктiгi                                 4.


      2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды.
      3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің бiлiгi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара қашықтық 12 метрден аспауы тиiс.
      5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық бiлiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс.
      6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс.
      7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе

тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс.
     8. Жүк автомобилiнiң артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi 
арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс.
     9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң бiлiгi мен жартылай 
тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген 
ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс.
     10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында 
орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
     әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар;
     алдыңғы бетiндегi және бүйiрiндегi таңбалаушы тiлiмшелер;
     пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
     брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш 
құралдар;
     электр жарығына арналған жабдықтар;
     артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар;
     ауаарна түтiкшелерi;
     тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен 
алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары;
     қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн 
көтергiш;
     жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы 
орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп 
орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас 
жабдықтар.
     11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында 
орнатылған:
     антенналар;
     көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс.
     Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы 
құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс.
     12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында 
орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
     пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш 
құралдар;
     брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш 
құралдар;
     автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар;
     кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi;
     жарықтандыру жабдықтары;
     жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық 
шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден 
аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену 
радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар;
     артты шолу айналары;
     шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары;
     көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе 
баспалдақтар;
     автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып 
тұрған қисық бөлiгi.
          2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары
     13. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары төменде 
келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:
     1) жүк автомобильдерi:
     екi бiлiктi автомобиль                                        18
     үш бiлiктi автомобиль                                         24
     әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған екi жұп 
доңғалақтан тұратын жетекшi бiлiгi бар үш бiлiктi автомобиль       25
     әрқайсысы әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған 
екi жұп доңғалақтан тұратын екi жетекшi бiлiгi бар төрт 
бiлiктi автомобиль                                                 32;
     2) бiрiктiрiлген көлiк құралының бөлiгiн құрайтын көлiк құралдары:
     екi бiлiктi тiркеме                                           18
     үш бiлiктi тiркеме                                            24;
     3) бiріктiрілген көлiк құралдары:
     ершіктi автопоездар:
     жартылай тiркеме білiктерiнiң ара қашықтығы 
1,3 метрден 1,8 метрге дейiнгi екi бiлiктi 
жартылай тiркемесi бар екi бiлiктi сүйрегіш                        36
     жартылай тiркеме бiлiктерiнiң ара қашықтығы 
1,8 метрден асатын екi бiлiктi жартылай
тiркемесi бар екi бiлiктi сүйрегіш                                 38
(егер осы автопоезд 18 тонналы жүк автомашинасы 
мен 20 тонналық жартылай тiркемеден тұрса және 
жетекшi бiлiгi қосақталған доңғалақтан тұрса 
және әуе немесе оған балама аспамен жабдықталған 
болса, рұқсат етiлген салмағы 2 тоннаға ұлғаюы мүмкiн)
     үш бiлiктi жартылай тiркемесi бар                             
     екi бiлiктi сүйрегiш                                          38
     екi бiлiктi жартылай тiркемесi бар
     үш бiлiктi сүйрегіш                                           38
     үш бiлiктi жартылай тiркемесi бар
     үш бiліктi сүйрегiш                                           38
     тiркемелi автопоездар:
     екi бiлiктi тiркемесi бар
     екi бiліктi жүк автомобилi                                    36
     үш бiлiктi тiркемесi бар
     екi бiлiктi жүк автомобилi                                    42
     екi бiлiктi тiркемесi бар
     үш білiктi жүк автомобилi                                     42
     үш бiлiктi тiркемесi бар
     үш бiлiктi жүк автомобилi                                     44
     төрт бiлiктi тiркемесi бар
     үш бiлiктi жүк автомобилi                                     44;
     4) автобустар:
     екi бiлiктi                                                   18
     үш бiлiктi                                                    24
     топсалы бiрiктiрiлген үш бiлiктi                              28
     топсалы бiрiктiрiлген төрт бiлiктi                            28.
     3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн жүктемелерi
     14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білiктiк жүктемелерi 
төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс:
     1) жалғыз бiлiк үшiн:
     жетектегi                                                     10
     екi еңкулi доңғалағы бар жетекшi                              10;
     2) екi еңкулi доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердің 
қосарланған бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы бiлiктердiң 
арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    12
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    14
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  16
     1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      18
     -ден аспауы тиiс;
     3) бiр еңкулi доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң 
қосарланған бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы бiлiктердiң 
арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    11
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    13
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  15
     1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      17-
     ден аспауы тиiс;
     4) екi еңкулi доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердің 
үшеуi қосылған бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы бiлiктердiң 
арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    16,5
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    19,5
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  22,5
     1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      25,5-
     тен аспауы тиiс;
     5) бiр еңкулi доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердің 
үшеуi қосылған бiлiктерi үшiн бiлiктердiң арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    15
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    18,3
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  21
     1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      24-
     тен аспауы тиiс;
     6) екi еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилi мен автобустың 
қосарланған жетекшi бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы 
бiлiктердің арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    12
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    14
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  16
     1,8 метрге тең немесе одан көп                                18
     әуелi немесе оған балама аспаға бекiтiлген жағдайда           19-
     дан аспауы тиiс;
     7) бiр еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилiнiң немесе автобустың 
қосарланған жетекшi бiлiктерi үшiн бiлiктiк салмақтардың қосындысы 
бiлiктердің арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    11
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    13
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  15
     1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда,                      17-
     ден аспауы тиiс;
     8) екі еңкулі доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң 
үш бiлiктен артық білiктерiнiң сабақтас бiлiктерi үшін бiлiктiк 
салмақтардың қосындысы әрбiр бiлiкке, бiлiктердiң арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    5,5
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    6,5
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  7,5
     1,8 метрге тең немесе одан көп                                8-
     ден аспауы тиiс;
     9) бір еңкулі доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердің 
үш бiлiктен артық бiлiктерiнiң сабақтас бiлiктерi үшiн бiлiктiк 
салмақтардың қосындысы әрбiр бiлiкке, білiктердiң арасындағы ара қашықтық:
     0,5 метрден 1 метрге дейiн                                    5
     1 метрден 1,3 метрге дейiн                                    6,10
     1,3 метрден 1,8 метрге дейiн                                  7       
     1,8 метрге тең немесе одан көп                                7,5-
     тен аспауы тиiс.
     15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi 
бiлiгiне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе 
құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы 
тиiс.
     16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi 
бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа 
райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.
     17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн 
анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi.
     Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                             2002 жылғы 11 қаңтардағы
                                                 N 62 қаулысына
                                                     қосымша
             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                      кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi


      1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 P950557_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 P961031_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 P981397_ қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 P990643_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 шілдедегi N 1125 P001125_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 379-құжат) 1-тармағы.
      6. "Қалжат" өткiзу пунктi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 1897 P001897_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қапланбек" өткiзу бекетiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 669 P010669_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 234-құжат) 1-тармағы.