Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 қаңтар N 49

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың 
тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 
қыркүйектегі N 1355  

P971355_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан 
зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібінде:
     12-тармақтағы "2001 жылдың 31 желтоқсанына" деген сөздер "2002 жылдың 
30 маусымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
     13-тармақтағы "қаңтарынан" деген сөз "шілдесінен" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т.