Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қаңтар N 36

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 28 қарашадағы Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Жоспарда көзделген

iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                                Қазақстан Республикасы
                                                      Yкiметінің
                                              2002 жылғы 11 қаңтардағы
                                                   N 36 қаулысымен
                                                      бекiтiлген
            Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
           2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
                 iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________________
Р/с            Iс-шара          Аяқтау нысаны    Орындалуына     Аяқтау  
 N                                                 жауапты       мерзiмi
___________________________________________________________________________
1     Жол шаруашылығы           Нормативтiк       ККМ ІІМ        2003-ІІ 
      мәселелерi бойынша        құқықтық          Әкімияттар
      жергiлiктi атқарушы       кесiмнің
      органдармен               жобасы
      бiрлескен iс-қимыл      
      тәртiбiн әзiрлеу
2     Автожолдарды              Нормативтiк       ККМ ӘдМ        2003-ІV
      пайдаланушылардың         құқықтық          ЭСМ
      шығындарды өтеуi          кесімнің 
      негiзiнде жол кешенiн     жобасы
      дамытуды
      қаржыландыруға
      бiртiндеп көшу
      тәртiбiн анықтау
3     Негiзгi автожолдар        Нормативтiк       ККМ ІІМ        2003-ІІ 
      бағыттарында жол          құқықтық          ТОҚМ    
      бойындағы                 кесімнің          Әкімияттар
      инфрақұрылымды            жобасы
      дамыту тәртiбiн
      анықтау
4     Ақылы автомобиль          Нормативтiк       ККМ МКМ        2003-ІV 
      жолдарын енгiзу           құқықтық          Әкімияттар 
      тәртiбiн анықтау          кесiмнің
                                жобасы
5     Халықаралық маңызы        Қазақстан         ККМ IIМ        2002-2005
      бар жол желiлерiнде       Республикасы
      техникалық                Үкiметiне
      (құралдық) тексеру        жыл сайынғы
      жүргiзу                   есеп
6     Автомобиль                Жыл сайынғы       ККМ ІІМ        2002-2005 
      жолдарының бүкiл          есеп
      желiсiндегi көпiр 
      шаруашылығын
      техникалық тексерудi
      жүргiзу
7     Жол жұмыстарының          Бірлескен         ККМ ІІМ        2003-І    
      сапасы бойынша            бұйрық            ЭСМ 
      салалық нормативтiк-
      техникалық
      құжаттарды әзiрлеу.
      Өнiм сапасын
      басқарудың салалық
      жүйесi
8     Жол жобаларының           Нормативтік       ККМ ТОҚМ       2003-ІV
      қоршаған ортаға           құқықтық          ЭСМ   
      әсерiн реттейтiн          кесімнің 
      нормативтiк               жобасы
      құқықтық кесiмдi
      әзірлеу
9     Жол саласы                Бірлескен         ККМ БҒМ        2002-ІV 
      кадрларын даярлау         бұйрық          
      және олардың
      бiлiктiлiгiн арттыру
      жөнiндегi
      бағдарламаны әзірлеу
10    Жол шаруашылығына         Жыл сайынғы       ККМ БҒМ        2002-2005
      ғылыми жетiстiктердi      есеп
      енгiзудi жүзеге асыру
11    Жалпы пайдаланымдағы     Нормативтік        ККМ ӘдМ       2002-ІV 
      автомобиль жолдарын      құқықтық           ЭСМ
      басқару жүйесiн          кесімнің
      жетiлдiру                жобасы
12    Автомобиль жолдарының    Нормативтік        ҚКМ ІІМ        2004-ІV 
      негiзгi стандарттарын    құқықтық           ЭСМ
      жетiлдiру                кесімнің
                               жобасы
___________________________________________________________________________