Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігінің "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 қаңтар N 20

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде қызметiнің негiзгi мәнi: 
      баспа қызметiмен айналысу, Қазақстан ғалым медиктерiнiң озық ғылыми және практикалық тәжiрибесiн, теориялық табыстары мен жетiстiктерiн насихаттау және көпшiлiкке тарату, нормативтiк құжаттарды жариялау; 
      жарнамалық қызметтердi көрсету деп белгiлесiн; 
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн, жарғылық капиталдың 25 пайызы мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын; 
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесінде:
      "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-61-жолмен толықтырылсын:
      "123-61 "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйі" ЖАҚ";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмiнде:
     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-3-жолмен толықтырылсын:
     "226-3 "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" ЖАҚ"; 
     3) <*>
      Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1117  қаулысымен. 
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі