Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1750

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Z000109_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат);
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      сегізінші абзацта "жылжитын мүлік кепілдігін және" деген сөздерден кейін "қаржы лизингі шарттарын," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;";
      12-тармақта:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;";
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында:
      әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
      бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау.";
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 P990771_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
      10-тармақта:
      1) тармақша "жылжымалы мүліктің кепілін" деген сөздерден кейін "және

қаржы лизингінің шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
     "5) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және 
қадағалау функцияларын жүзеге асыру.";
     11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен 
толықтырылсын:
     "7-1) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында нормативтік 
құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
     7-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бағалау қызметі 
мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
     7-3) бағалаушылардың кәсіби даярлауды жүзеге асыратын білім беру 
мекемелеріне қойылатын талаптардың тізбесін келісу;
     7-4) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында халықаралық 
ынтымақтастықты жүзеге асыру;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
    Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі   
 
    
  
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.