Жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1724

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні қызмет ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және мемлекеттік органдарды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін. 

      3. Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 25-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
25-3. "Қазақстан Республикасы 
       Қаржы министрлігінің Шаруашылық
       басқармасы" қазыналық кәсіпорны          Астана қаласы";
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 44-6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"44-6. "Қазақстан Республикасы Ауыл
       шаруашылығы министрлігінің
       Шаруашылық басқармасы"
       қазыналық кәсіпорны                    Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 47-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"47-9. "Қазақстан Республикасы Еңбек
       және халықты әлеуметтік қорғау 
       министрлігінің Шаруашылық
       басқармасы" қазыналық кәсіпорны        Астана қаласы";   

      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"60-2. "Қазақстан Республикасы
       Көлік және коммуникациялар
       министрлігінің Ақпараттық-
       тұсаукесер орталығы"
       қазыналық кәсіпорны                   Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 104-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"104-1. "Қазақстан Республикасы 
        Энергетика және минералдық 
        ресурстар министрлігінің  
        Өндірістік-пайдалану кәсіпорны"
        қазыналық кәсіпорны                  Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 106-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"106-1. "Қазақстан Республикасы Әділет
        министрлігінің Шаруашылық
        басқармасы" қазыналық кәсіпорны       Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 109-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"109-3. "Қазақстан Республикасы Төтенше 
        жағдайлар жөніндегі агенттігінің 
        Тыл және қамтамасыз 
        ету қызметі" қазыналық кәсіпорны      Алматы қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 409-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"409-3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет,
        ақпарат және қоғамдық
        келiсiм министрлiгiнiң
        Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi"
        қазыналық кәсiпорны                   Алматы қаласы";

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 463-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"463. "Қазақстан Республикасының
      Президентi Iс Басқармасының
      Қазақстан Республикасы
      Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен
      Yкiметiнiң әкiмшiлiк
      ғимараттарының дирекциясы"
      қазыналық кәсiпорны                     Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 477-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"477. "Қазақстан Республикасы
      Республикалық ұланының "Ұлан"
      қазыналық кәсiпорны                     Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 506-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"506. "Қазақстан Республикасы Сыртқы
      iстер министрлiгiнiң Шаруашылық
      басқармасы" қазыналық кәсiпорны         Астана қаласы";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 509-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"509. "Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
      Шаруашылық басқармасы"
      қазыналық кәсiпорны                     Астана қаласы".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2001 жылғы 27 желтоқсандағы 
N 1724 қаулысына       
қосымша        

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      2.  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      3.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      4.  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Шаруашылық басқармасы     
      5.  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Өндірістік-пайдалану кәсіпорны
      6.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      7.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Тыл және қамтамасыз ету қызметі
      8.  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Өндірістік-пайдалану бірлестігі
      9.  Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы 
      10. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұланы"
      11. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Шаруашылық басқармасы