Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсан N 1666

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 P981180_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      Қазақстанның статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары деген 2-тарауда:
      Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2.2-бөлімде:
      2.2.1.2.-тармағының бесінші абзацында:
      "2001" деген сан "2005" деген санмен ауыстырылсын;
      "2001-2003" деген сандар "2004-2005" деген сандармен ауыстырылсын;
      ", оның қорытындысын бастырып жариялау, сондай-ақ статистикалық регистрлер мен деректер базасын күн талабына сай келтіру" деген сөздер алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:
      Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштері жүйесі мен методологиясын жетілдіру деген 2-тарауда:
      Нақты сектордың статистикасы деген 2.1-бөлімде:
      Экономиканың аграрлық секторының статистикасы деген 2.1.2-бөлімшесінде:
      6-тармақта:
      1-бағанда ", оның қорытындысын жариялау, сондай-ақ, санақтың нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы регистрлері мен деректер базасын жаңғырту" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-бағанда ", оның қорытындысын жариялау жоспары" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-бағанда "2001-2002" деген сандар "2004-2005" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 P990463_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат):
      1-тармақта "2003" деген сан "2005" деген санмен ауыстырылсын;
      4-тармақта "2001-2004" деген сандары "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 P000830_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
      2-тармақтың екінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен

ауыстырылсын;
     2-тармақтың үшінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен 
ауыстырылсын;
     6-тармақта "2001" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын;
     8-тармақта "2003 жылдың қаңтарынан" деген сөздер "2005 жылдың 
қыркүйегінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     9-тармақта "2000-2004" деген сандар "2004-2007" деген сандармен 
ауыстырылсын.
     2. "Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952  

P990952_

  
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.