"Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1662

Қолданыстағы
      "Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына:
      1) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты сайлау;
      2) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамынан Мұрат Ермұқанұлы Аманбаевты шығару ұсынылсын.
      2. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамын құру туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659  

P010659_

  
қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     "Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы 
вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы 
вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи 
монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау 
жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.