1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Kazakstan Airlines" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Заемшы) негізгі борышын, сондай-ақ кепілгердің төлеуге тиісті пайыздары мен өзге де төлемдерін қамтитын сомада тартылатын мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік кепілдігін берсін:
2001 жылы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 27 000 000 (жиырма жеті миллион) АҚШ доллары мөлшерінде;
2002 жылы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 42 000 000 (қырық екі миллион) АҚШ доллары мөлшерінде;
2) Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік кепілдігі берілуіне байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы Заемшымен тиісті келісім жасассын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
заңнамада белгіленген тәртіппен Заемшының мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.