Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1634

Жаңартылған

      Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын  орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар; <*>
     2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 1) тармақша өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 922 қаулысымен.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі