Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 желтоқсан N 1623

Қолданыстағы
      Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру және сауда рыноктарында бәсекелестiктiң дамуына септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн қоспағанда, орталық және жергiлiктi атқарушы әрi өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлiк құралдарын тоқтату, оларды тексерiп қарау не жүргiзушiлердiң көлiктiк, санитарлық, экологиялық және заңнамамен көзделген өзге де нормативтер мен талаптарды сақтауын тексеру жөнiнде өкiлеттiктер берiлген жылжымалы бекеттердiң жойылуын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      1) бақылаушы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қызмет өкiлеттiктерiн жүк тасымалдаушыларға қатысты асыра пайдалану фактiлерiнiң жолын кесу жөнiнде рейдтер жүргiзсiн;
      2) мемлекеттiк органдардың рыноктарда заңнамалық кесiмдерде көзделмеген алымдар мен төлемдер алу фактiлерiнiң жолын кесудi қамтамасыз етсiн;
      3) бақылаушы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң рыноктардағы заңсыз iс-әрекеттерiн анықтау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп азаматтар үшiн "сенiм" телефондарын ұйымдастырсын;
      4) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгімен бiрлесiп бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң анықталған заңсыз iс-әрекеттерi фактiлерiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Қаржы, Экономика және сауда және мемлекеттiк кiрiс министрлiктерi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуi үшiн алым ставкаларын төмендету жөнiндегi мәселенi қарасын және ұсыныстарын енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет және Денсаулық сақтау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының аумағында сауда рыноктарының қызметiн тәртiпке келтiрудi көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктарын анықтау және реттеу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған сауда рыноктары көрсететiн қызметтер бағаларына мемлекеттiк реттеу енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      3) Iшкi iстер, Әдiлет, Мемлекеттiк кiрiс министрлiктерiмен, Қаржы полициясы агенттiгiмен бiрлесiп рынок субъектiлерi арасында кез келген нысанда қол жеткiзiлген өзiнiң нәтижесi тауарларды сату кезiнде бәсекелестiктi шектеу болатын тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын келiсiмдердi анықтау жөнiнде көрсетiлген органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық кесiм әзiрлесiн және бекiтсiн.
      6. Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлiктерi сауда рыноктарында санитарлық және ветеринарлық нормалардың орындалуын бақылауды күшейтсiн.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) азық-түлiк тауарларын сақтау мен сатуға арналған қоймаларды және мамандандырылған сауда рыноктарын салуға және қайта жаңартуға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасасын;
      2) облыстар орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында азық-түлiк және ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу әрi сату жөнiндегi коммуналдық сауда рыноктары мен коммуналдық сауда-сатып алу ұйымдарын құру және олардың қызметi үшiн қажеттi шараларды қабылдасын;
      3) мал шаруашылығы және егiс өнiмдерiн сату жөнiндегi ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiн өткiзудi тұрақты негiзде ұйымдастырсын;
      4) ай сайын жүргiзiлетiн мониторингтiң нәтижелерi негiзiнде негiзсiз өсуi анықталған жағдайда аса маңызды азық-түлiк тауарларына (қосымшаға сәйкес) бағаларды төмендетуге бағытталған шараларды қабылдасын;
      5) сауда рыноктарында тауарлар сатумен айналысатын кәсіпкерлердің өз

қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтары сақталуын қамтамасыз етсін.
     8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2001 жылғы 12 желтоқсандағы
                                      N 1623 қаулысына қосымша
     
              Міндетті мониторингке жататын аса маңызды
                 азық-түлік тауарларының тізбесі
     
     1. Бидай наны (1 сорт)
     2. Ұн (1 сорт)
     3. Шәй (1 сорт)
     4. Сүт
     5. Ет
     6. Құс еті
     7. Қант
     8. Тұз
     9. Сары май
     10. Өсімдік майы
     11. Маргарин
     12. Картоп
     13. Пияз
     14. Алма
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.