Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеудің нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 967
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елде қысқа мерзім іссапарда болатын қызметкерлердің шығыстарын өтеудің нормаларында:
реттік нөмірі 1-жолдың а) тармақшасының 1-бағаны "қалаларының әкімдері" деген сөздерден кейін ", күзетілетін тұлғамен бірге жүрген кезде Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлері" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі