1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі оған "Республикалық көркемсурет колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қайта ұйымдастырылған мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде:
реттік нөмірі 470-147-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 289". 5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.