Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспеде:
"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек департаментінің
директоры
Ермекова - Қазақстан Республикасының
Несіпбала Әбсағитқызы Стратегиялық жоспарлау
жөніндегі агенттігі
Стратегиялық жоспарлау және
бақылау департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Жоламан - Қазақстан Республикасының
Рүстем Қабидоллаұлы Премьер-Министрі Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің меңгерушісі
Кесікбаев - Қазақстан Республикасының
Сұлтанғали Қабденұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік
органдарды қаржыландыру
департаментінің директоры
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Қырым Қамиғалиұлы Денсаулық сақтау министрлігі
Медицина ғылымы, білім беру
және лицензиялау
департаментінің директоры
Нұрғожаева - Қазақстан Республикасының
Татьяна Александровна Білім және ғылым министрлігі
Бюджет, жоспарлау және қаржы
департаментінің директоры
Шокаманов - Қазақстан Республикасының
Юрий Камирович Статистика жөніндегі
агенттігі төрағасының
бірінші орынбасары;
көрсетілген құрамнан Елена Леонидовна Бахмутова, Вячеслав Евгеньевич Евстафьев, Мият Саттарұлы Жанәбілов, Ақбар Қуанышбайұлы Тоқаев шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімнің бірінші абзацында:
"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Комиссияның міндеттері мен функциялары" деген 2-бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды зерттеу және еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымын ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде ұсынымдар әзірлеу;";
соңғы абзац алынып тасталсын;
"Комиссия құқықтары" деген 3-бөлімнің 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі