"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Z000131_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Эйр Астана" жабық акционерлік қоғамын құру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1118 P011118_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 397-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат есебінен Қоғамның жарғылық капиталында мемлекеттің 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшердегі үлесін қалыптастыруды қамтамасыз етсін.".
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары Д.К.Ахметовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.