Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1607

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 U010575_ Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Коэффициенттерді қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және

әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер 
үшін қосымша ақыларды, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін 
үстемеақыларды есептеу үшін базалық лауазымдық жалақының мөлшері 2002 
жылғы 1 қаңтардан бастап 5060 теңге деңгейінде белгіленсін.
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
 Мамандар:
     Бағарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.