Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттiк кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1602

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары тиiсiнше жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Ақпарат" ашық акционерлiк қоғамы және қосымшаға сәйкес ашық акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамдар жарғыларын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәні бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн; баспа, полиграфия, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; жұмыс жағдайын материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының және прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын, инженерлiк желiлерiн, көлiк құралдарын, әлеуметтiк-тұрмыстық

мақсаттағы объектiлерiн және өзге мүлiктерiн пайдалану деп белгiлесiн;
     2) Қоғамдардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 
өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                          2001 жылғы 10 желтоқсандағы
                                              N 1602 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
               енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар



      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 478-жол алынып тасталсын.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi 
мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен 
шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
     "Ақмола облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-2-жолмен 
толықтырылсын:
     "13-2 "Ақпарат-Көкшетау" ААҚ";
     "Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-23 және 
21-24-жолдармен толықтырылсын:
     "21-23 "Ақпарат" ААҚ
     21-24 "Ақпарат-Астана жолы" ААҚ";
     "Алматы облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-2-жолмен 
толықтырылсын:
     "38-2 "Ақпарат-Жетiсу" ААҚ;
     "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-59, 
123-60-жолдармен толықтырылсын:
     "123-59 "Ақпарат-Информ" редакциялық-баспа орталығы" ААҚ;
     "123-60 "Ақпарат-Орталық" ААҚ";
     "Ақтөбе облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 133-2, 
133-3-жолдармен толықтырылсын:
     "133-2 "Ақпарат-Ақтөбе" ААҚ";
     133-3 "Ақпарат-Ақтөбе жолы" ААҚ";
     "Атырау облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 145-3-жолмен 
толықтырылсын:
     "145-3 "Ақпарат-Атырау" ААҚ";
     "Шығыс Қазақстан облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
165-6-жолмен толықтырылсын:
     "165-6 "Ақпарат-Шығыс" ААҚ";
     "Жамбыл облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 180-3-жолмен 
толықтырылсын:
     "180-3 "Ақпарат-Тараз" ААҚ";
     "Батыс Қазақстан облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
194-2-жолмен толықтырылсын:
     "194-2 "Ақпарат-Батыс" ААҚ";
     "Қарағанды облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
214-9-жолмен толықтырылсын:
     "214-9 "Ақпарат-Қарағанды" ААҚ";
     "Қызылорда облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
218-3-жолмен толықтырылсын:
     "218-3 "Ақпарат-Қызылорда" ААҚ";
     "Қостанай облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 
229-1-жолмен толықтырылсын:
     "229-1 "Ақпарат-Қостанай" ААҚ";
     "Маңғыстау облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
236-6-жолмен толықтырылсын:
     "236-6 "Ақпарат-Маңғыстау" ААҚ";
     "Павлодар облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
265-5-жолмен толықтырылсын:
     "265-5 "Ақпарат-Павлодар" ААҚ";
     "Солтүстiк Қазақстан облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
280-3-жолмен толықтырылсын:
     "280-3 "Ақпарат-Солтүстiк" ААҚ";
     "Оңтүстiк Қазақстан облысы" бөлiмі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
294-1-жолмен толықтырылсын:
     "294-1 "Ақпарат-Оңтүстiк" ААҚ".
     3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк 
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi 
құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 
мамырдағы N 659  

P990659_

  қаулысына:
     көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және 243, 
244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 
259, 260, 261-жолдармен толықтырылсын: 
     "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына
     243. "Ақпарат" ААҚ
     244. "Ақпарат-Көкшетау" ААҚ
     245. "Ақпарат-Жетiсу" ААҚ
     246. "Ақпарат-Информ" редакциялық-баспа орталығы" ААҚ
     247. "Ақпарат-Атырау" ААҚ
     248. "Ақпарат-Шығыс" ААҚ
     249. "Ақпарат-Тараз" ААҚ
     250. "Ақпарат-Батыс" ААҚ
     251. "Ақпарат-Ақтөбе" ААҚ
     252. "Ақпарат-Ақтөбе жолы" ААҚ
     253. "Ақпарат-Астана жолы" ААҚ
     254. "Ақпарат-Қарағанды" ААҚ
     255. "Ақпарат-Қостанай" ААҚ
     256. "Ақпарат-Қызылорда" ААҚ
     257. "Ақпарат-Маңғыстау" ААҚ
     258. "Ақпарат-Павлодар" ААҚ
     259. "Ақпарат-Солтүстiк" ААҚ
     260. "Ақпарат-Оңтүстiк" ААҚ
     261. "Ақпарат-Орталық" ААҚ".

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                          2001 жылғы 10 желтоқсандағы
                                               N 1602 қаулысына
                                                    қосымша
---------------------------------------------------------------------------
р/с!Шаруашылық жүргізу құқығындағы       !Құрылатын ашық акционерлік
 N !"Ақпарат" республикалық мемлекеттік  !қоғамдар атаулары және олардың
   !кәсіпорнының қайта құрылатын еншілес !орналасқан жерлері
   !мемлекеттік кәсіпорындарының атаулары!
   !және олардың орналасқан жерлері      !
--------------------------------------------------------------------------
1   "Ақпарат-Көкшетау"                    "Ақпарат-Көкшетау" ашық          
                       Көкшетау қаласы    акционерлік қоғамы 
                                                           Көкшетау қаласы 
     
2   "Ақпарат-Жетісу"                      "Ақпарат-Жетісу" ашық            
                       Алматы қаласы      акционерлік қоғамы 
                                                        Талдықорған қаласы

3   "Ақпарат-Алматы"                      "Ақпарат-Информ" редакциялық-    
                       Алматы қаласы      баспа орталығы" ашық акционерлік 
                                          қоғамы            
                                                           Алматы қаласы 
     
4   "Ақпарат-Атырау"                      "Ақпарат-Атырау" ашық            
                       Атырау қаласы      акционерлік қоғамы 
                                                             Атырау қаласы

5   "Ақпарат-Шығыс"                       "Ақпарат-Шығыс" ашық             
                      Өскемен қаласы      акционерлік қоғамы 
                                                            Өскемен қаласы

6   "Ақпарат-Тараз"                       "Ақпарат-Тараз" ашық             
                      Тараз қаласы        акционерлік қоғамы 
                                                              Тараз қаласы

7   "Ақпарат-Батыс"                       "Ақпарат-Батыс" ашық             
                      Орал қаласы         акционерлік қоғамы 
                                                               Орал қаласы

8   "Ақпарат-Ақтөбе"                      "Ақпарат-Ақтөбе" ашық            
                      Ақтөбе қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                             Ақтөбе қаласы 
     
9   "Ақпарат-Ақтөбе жолы"                 "Ақпарат-Ақтөбе жолы" ашық       
                      Ақтөбе қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                             Ақтөбе қаласы 
     
10  "Ақпарат-Астана жолы"                 "Ақпарат-Астана жолы" ашық       
                      Астана қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                             Астана қаласы 
         
11  "Ақпарат-Қарағанды"                   "Ақпарат-Қарағанды" ашық         
                   Қарағанды қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                          Қарағанды қаласы 
     
12  "Ақпарат-Қостанай"                    "Ақпарат-Қостанай" ашық          
                   Қостанай қаласы        акционерлік қоғамы 
                                                           Қостанай қаласы 
     
13  "Ақпарат-Қызылорда"                   "Ақпарат-Қызылорда" ашық         
                   Қызылорда қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                          Қызылорда қаласы 
     
14  "Ақпарат-Маңғыстау"                   "Ақпарат-Маңғыстау" ашық         
                   Маңғыстау қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                          Маңғыстау қаласы

15  "Ақпарат-Павлодар"                    "Ақпарат-Павлодар" ашық          
                   Павлодар қаласы        акционерлік қоғамы 
                                                           Павлодар қаласы

16  "Ақпарат-Солтүстік"                   "Ақпарат-Солтүстік" ашық         
                   Петропавл қаласы       акционерлік қоғамы 
                                                          Петропавл қаласы

17  "Ақпарат-Оңтүстік"                    "Ақпарат-Оңтүстік" ашық          
                   Шымкент қаласы         акционерлік қоғамы 
                                                            Шымкент қаласы

18  "Ақпарат-Орталық"                     "Ақпарат-Орталық" ашық           
                   Алматы қаласы          акционерлік қоғамы 
                                                             Алматы қаласы
---------------------------------------------------------------------------
          
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.