1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/6 түзеу мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi штат санының лимитi шегiнде мекеменiң штат санының лимитi 20 бiрлiк мөлшерiнде бекiтiлсiн.
3. Мекеменi ұстау шығындары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 668 P000668_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 235-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 99-жолмен толықтырылсын: "99. ЖД-158/6 мекемесi". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.