Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002
жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:
"Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету" салалық секторы мен
реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
"Барлығы" деген жолда:
6-бағандағы "1341,60" деген сан "1338,60" деген санмен ауыстырылсын;
"Заемды игеру" деген жолдағы 10-бағандағы "364,82" деген сан "361,82"
деген санмен ауыстырылсын;
"Кепiл мөлшерi" деген жолдағы 9-бағандағы "168,00" деген сан
"165,00"деген санмен ауыстырылсын.
2. "Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiк ғимараты кешенiн салу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1795
қаулысының күші
жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.