Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қараша N 1465

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы N 705 U010705_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне оның үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штат санының лимитi 109 бiрлiк мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мына ведомстволары: Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң

ведомстволары туралы ережелердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан 
Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
     2) ережелер бекiтiлгеннен кейiн әдiлет органдарында ведомстволардың 
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     6. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi 
агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 
жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  

P991852_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат) күшi жойылды деп 
танылсын.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                             2001 жылғы 16 қарашадағы
                                                 N 1465 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
                   Қазақстан Республикасының Денсаулық
                        сақтау министрлiгi туралы
                                 ереже
                           1. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте арнайы атқарушылық, бақылау, қадағалау функцияларын және азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
      4. Министрлiк Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" мемлекеттік мекемесi.
      8. Министрлiктiң құрылтай құжаты осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы N 705 U010705_ Жарлығы болып табылады.
      9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде арналған кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

      2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
      4) халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      5) денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi іс-шараларды белгiлеу;
      6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
      7) Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады.
      11. Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын функциялары мыналар болып табылады:
      1) денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды дамыту стратегияларын, мемлекеттiк және мақсатты бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу, өз құзыретi шегiнде оларды іске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау;
      2) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды дайындауға қатысу және заңнамада белгiленген тәртiппен халықаралық шарттар мен келiсiмдердi жасасу;
      3) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi функцияларын атқару;
      4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрi-дәрмектiк қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту;
      5) бюджеттiк болжамды әзiрлеуге және республиканың денсаулық сақтау саласын индикативтiк жоспарлауға қатысу;
      6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн әзiрлеу;
      7) заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы

ұйымдар көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды бекiту;
     8) медициналық ғылымның басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету 
жолымен денсаулық сақтауды реформалау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру 
және ғылыми зерттеулер мен талдамалардың нәтижелерiн емдеу-алдын алу 
ұйымдарының практикасына енгiзудi ұйымдастыру;
     9) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн 
үйлестiрудi және оларға басшылық жасауды жүзеге асыру;
     10) денсаулық сақтау саласында жекешелендiру саясатын жүргізуге 
қатысу;
     11) денсаулық сақтау объектiлерiн жекешелендiру мәселелерiн шешуге 
қатысу;
     12) меншiк нысанына қарамастан жергiлiктi атқарушы органдар арқылы 
аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi 
және бақылауды жүзеге асыру;
     13) өз құзыретiнiң мәселелерiндегi салааралық үйлестiрудi жүзеге 
асыру, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, 
мақсатты және кешендi бағдарламаларды iске асыру жөнiнде қоғамдық 
ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау;
     14) төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру;
     15) өз құзыретi шегiнде сот-медициналық және сот-психиатриялық 
сараптама жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру және оған басшылық жасауды жүзеге 
асыру;
     16) фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шараларды 
жүзеге асыру;


      17) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөнiндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу;
      18) денсаулық сақтау саласына шетел несиелерi мен инвестицияларын тарту және пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу;
      19) денсаулық сақтау кадрларын даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргiзу;
      20) мынадай қызметтердi лицензиялауды жүзеге асыру:
      Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, медициналық және дәрiгерлiк қызметтi;
      емдiк препараттарды дайындауға және сатуға байланысты қызметтi (жануарлардың, өсiмдiктер мен шөптердiң құрамында есiрткi құралдары мен психотроптық заттар жоқ емдiк өнiмдердi өсiруден, жинау мен сатудан басқа);
      Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, қайта өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң түрлерiн;
      денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтiң түрлерiн: тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, бөлудi, сатуды, пайдалануды, жоюды;
      21) денсаулық сақтау саласында тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар берудi келiсу;
      22) өтiнiш иесiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң лицензия алуға сәйкестiгiне сараптамалық бағалау жүргiзуге заңды және жеке тұлғаларды тiркеудiң тәртiбiн белгiлеу және жүзеге асыру;
      23) медициналық бiлiм беру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастыруға қатысу;
      24) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау сапасын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
      25) медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру;
      26) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң жұмысына басшылық жасауды жүзеге асыру;
      27) жұқпалы ауруларға қарсы халықты алдын алу егулерiн ұйымдастыру;
      28) Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан сақтауды ұйымдастыру;
      29) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде мемлекеттiк органдармен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасау, өз өкiлеттiктерi шегiнде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi бекiту;
      30) Мемлекеттiк фармокопея мен Дәрiлiк құралдардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, медициналық мақсаттағы дәрi-дәрмек құралдары, бұйымдар мен техника жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiту;
      31) медициналық практикада дәрi-дәрмек құралдарын қолдануға рұқсаттарды берудi және тiркеудi жүзеге асыру, дәрi-дәрмек құралдарының жарнамасына рұқсаттарды беру;
      32) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техниканы техникалық сынақтардан өткiзуге бақылау жасау;
      33) негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрi-дәрмек құралдарын бiрiншi кезекте өндiру және импорттау үшiн олардың тiзбесiн белгiлеу және бекiту;
      34) халық денсаулығының жай-күйiне талдау жасау, медициналық-статистикалық ақпаратты әзiрлеу және ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп берудi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
      35) өз құзыретi шегiнде басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың медициналық ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      36) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөнiнде өз қызметi аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастықта болу;
      37) заңнамамен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      12. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Министрлiктiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай құқықтары бар:
      1) медициналық қызметтер көрсетудiң, дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiне, тиiмдiлiгi мен сапасына, фармацевтикалық қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру әрi медициналық қызметтер көрсету, дәрi-дәрмек құралдарының айналымы бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзу;
      2) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және автокөлiк құралдарын шығаруға немесе пайдалануға байланысты бұзушылықтарды қоспағанда, санитарлық-гигиеналық ережелер мен атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi нормаларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қабылдау;
      3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу, олардың жарғыларын бекiту;
      4) халыққа медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, бiлiктiлiктерiн арттыруды, жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн кәсiби бiлiм берудi жүзеге асыру;
      5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктерiн арттыру жөнiндегi республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктi құру;
      6) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының бюджет қаражатын пайдалануын тексерудi жүзеге асыру;
      7) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұрату және алу;
      8) мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды iске асыру мәселелерiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды, салааралық және аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      9) азаматтардың денсаулығын қорғау iсiне және денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсыну;
      10) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер,

семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзу;
     11) Министрлiктiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша 
нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау;
     12) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердi үйлестiру 
мақсатында медицина ғылымы саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардан 
тұратын консультациялық-кеңесшi орган - Денсаулық сақтау проблемалары 
жөнiндегi ғылыми кеңес құруға;
     13) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне сiңiрген айрықша еңбегi 
үшiн медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапаттау;
     14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды 
жүзеге асыру.
                    3. Министрлiктiң мүлкi
     13. Министрлiктiң оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Министрлiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке 
жатады.


      15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк жасауға құқығы жоқ.
      Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

                 4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру

      16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады, бұлардың арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың бiрi қызметi бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi болады.
      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы әрi өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болады.
      18. Осы мақсаттарда Министр:
      1) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерi шеңберiн белгiлейдi;
      2) Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн

ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк шаралар қолдану 
мәселелерiн шешедi;
     4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де 
ұйымдармен барлық өзара қатынаста Министрлiктi бiлдiредi;
     5) бұйрықтарға қол қояды;
     6) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де 
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     19. Министрлiкте консультациялық-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның 
сан және дербес құрамын Министр бекiтедi. Алқа шешiмдерi қаулымен 
ресiмделедi және Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылуы мүмкiн.
             5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
     20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                             2001 жылғы 16 қарашадағы
                                               N 1465 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
                Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                  министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар
                               ТIЗБЕСI
                     1. Мемлекеттiк мекемелер
     1. 
<*>

     2. Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы
     3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
     4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
     5. 
<*>

     6. Қазақ республикалық лепрозорийi
     7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
     8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
     9. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
     10. Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық 
госпиталь
     11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
     12. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана
     13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
     14. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық 
орталық
     15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез 
санаторийi
     17. Республикалық ғылыми-медициналық кiтапхана
     18 "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
     19. Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығы
     20. 
<*>

     21. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
     22. Орал обаға қарсы күрес станциясы
     23. Апаттар медицинасы орталығы
     24. Сот медицинасы орталығы
     25. 
<*>
    
     26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы 
     26-1. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 
<*>

     26-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 
<*>

                     2. Мемлекеттiк кәсiпорындар 
     27. Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты 
     28. Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы
     29. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина 
академиясы
     30.
<*>
 (Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2002.01.10. N 20 қаулысымен.  

P020020_

 )
     31. Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты
     32. "Құрмет белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу 
институты
     33. Кардиология және ішкi аурулар ғылыми-зерттеу институты
     34. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық 
жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы
     35. С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетi
     36. Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясы
     37. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана жанындағы 
емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
     38. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана жанындағы 
емдеу-еңбек шеберханасы
     39. С.Х. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық 
сақтау тарихы мұражайы
     40. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығы
     41. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
     42. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
     43. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
     44. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары 
ғылыми орталығы
     45. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
     46. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
     47. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
     48. Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми-зерттеу 
орталығы
     49. Республикалық қан орталығы
     50. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
     51. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн 
даярлау және қайта даярлау жөнiндегi колледж 
     52. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
     53. "Алатау" балалар клиникалық санаторийi
     54. Республикалық консультативтiк орталығы
     55. Республикалық оқу-әдiстеме орталығы
     56. Семей мемлекеттiк медицина академиясы
     57. "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы
     58. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi
     59. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы
     60. Денсаулық
     61. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық 
ғылыми-практикалық орталығы
     62. Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу 
институты
     63. Республикалық дәрi-дәрмек құралдарын сараптау және стандарттау 
жөнiндегi базалық зертхана
     64. Республикалық клиникалық аурухана
     65. Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар ұлттық орталығы
     66. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 
шаруашылық басқармасы 
<*>

     Ескерту. 1, 5, 20, 25-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің            
              2002.01.10. N 21 қаулысымен.  

P020021_

 
     Ескерту. 26-1, 26-2-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің            
              2002.03.28. N 366 қаулысымен.  

P020366_

 
     Ескерту. 66-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.07. N 500 
              қаулысымен.  

P020500_

  
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.