1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс органы болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының құны 450 (төрт жүз елу) миллион теңгеден асатын объектiлерiнiң құрылысын салуға мердiгерлiк кәсiпорындардың жұмыстарын (қызмет көрсетулерiн) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың бiрыңғай ұйымдастырушысы етiп белгiлесiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың жеңiмпаздарын айқындауды жүзеге асырсын; 2) Комиссияның жұмыс органымен оның өзара iс-әрекетiнiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Комиссия төрағасына бекiтуге енгiзсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.