Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдар ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қараша N 1448

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн

алымдар ставкалары бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бұрын 
қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi бiр ай мерзiмде осы қаулымен 
сәйкес келтiрсiн.
     3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                          2001 жылғы 14 қарашадағы 
                                             N 1448 қаулысымен 
                                                 бекiтiлген

                  Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн
                             алымдар ставкалары

     Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкалары:


      дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы он бiр еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады;
      дәрiлiк заттарды мемлекеттiк қайта тiркеу кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады;
      дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың телнұсқасын беру кезiнде алым, төленетiн күнгi қолданыстағы 0,7-ге еселенген айлық есептiк көрсеткiштен тұрады.