Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қараша N 1440

Қолданыстағы
      Кенесары ханның қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызды тарихи рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен және Ақмола облысының әкімімен келісілген 2002 жылы Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      3. Комиссия Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
      4. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 157 P010157_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 48-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңінде

республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің 
тізбесінде:
     реттік нөмірі 1-жолда "Орындалу мерзімі" деген бағанда "2001" деген 
сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
     5. Ақмола облысының әкіміне жоғарыда аталған іс-шараны өткізу жөнінде 
қажетті қаражатты 2002 жылға арналған жергілікті бюджетте көздеу ұсынылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2001 жылғы 12 қарашадағы
                                             N 1440 қаулысына
                                                  қосымша
     
             Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойын дайындау 
            және өткізу жөніндегі республикалық комиссияның 
                                 Құрамы
     
     Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы  - Қазақстан Республикасы           
                                          Премьер-Министрінің орынбасары,  
                                          төраға
     
     Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы       - Қазақстан Республикасының        
                                          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық  
                                          келісім министрі, орынбасар
     
     Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы        - Қазақстан Жазушылар одағы        
                                          басқармасының бірінші хатшысы    
                                          (келісім бойынша)
     
     Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы       - Қазақстан Республикасының Білім  
                                          және ғылым министрі
     
     Жолдасбеков Мырзатай               - Л. Гумилев атындағы Еуразия      
                                          ұлттық университетінің ректоры
     
     Қозыбаев Манаш Қабашұлы            - Қазақстан Республикасы Білім     
                                          және ғылым министрлігінің Ш.     
                                          Уәлиханов атындағы Тарих және    
                                          этнология институтының директоры
     
     Қошанов Аманжол Қошанұлы           - Қазақстан Республикасы Ұлттық    
                                          ғылым академиясының Қоғамдық     
                                          және гуманитарлық ғылымдар       
                                          бөлімшесінің хатшысы, академик
     
     Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы     - Астана қаласының әкімі
     
     Кулагин Сергей Витальевич          - Ақмола облысының әкімі
     
     Тілеухан Бекболат Қанайұлы         - Қазақстан Республикасының        
                                          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық  
                                          келісім министрлігі Мәдениет     
                                          комитетінің төрағасы
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.