Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қараша N 1421

Қолданыстағы
      Бюджетке акциздердiң толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 P991251_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiнде:
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "(отандық өндiрiстiң темекi бұйымдары: фильтрсiз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақта:
      1) тармақшада "жұмсақ қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң жұмсақ қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "қайырма қақпақты қораптағы" деген сөздер "сүзгiлi сигареттiң қайырма қақпақты қорабындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) сүзгiсiз сигарет қорабында акциздiк алым маркасы қораптың сол және оң шетiнен бiрдей аралықта артқы бетiнде тiгінен орналасады әрi қорапты ашар жердi басып өтедi;
      4) папирос қорабындағы мәтiн немесе үстiңгi бетiн жабатын акциз алымының маркасындағы сурет қораптың алдыңғы бетiнiң бағытына бағдарлануы тиiс және орталықта (оң және сол шетiнен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бiрдей аралықта) орналасуы тиiс.";
      2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым

таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 
21 маусымдағы N 846  

P010846_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
2001 ж., N 23, 290-құжат):
     көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
     1-тармақтағы "(фильтрсiз сигареттердi және папиростарды қоспағанда)" 
деген сөздер алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енедi және 
жариялануға тиiс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.