Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қараша N 1398

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары 
оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 
 

U010648_

  Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы 
етеді:
     1. Қоса беріліп отырған ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу 
орындары туралы үлгі ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрі
     
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Yкiметiнiң
                                               2001 жылғы 5 қарашадағы
                                               N 1398 қаулысымен
                                               бекiтiлген ( 

Q011398_

 )

      Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары туралы
                              YЛГI ЕРЕЖЕ

                           1. Жалпы ережелер



      1. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына сәйкес әзiрленген.
      2. Ерекше мәртебе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша тәрбиеге, оқытуға, жеке тұлғаның кәсiби қалыптасуына аса көрнектi үлес қосқаны үшiн, нәтижелерi барлық қазақстандық қоғамды дамытуға ықпал ететiн және әлемге танылған ғылымды, техника мен технологияларды дамытудың басым бағыттары бойынша iргелi зерттеулердi орындайтын жоғары кәсiби бiлiмi бар жоғары бiлiктi кадрларды қалыптастыру мен даярлауда ерекше сiңiрген еңбегi үшiн мемлекеттік жоғары оқу орындарына берiледi.
      3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.
      4. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының ректорлары қызметке заңнамада белгiленген тәртiппен тағайындалады және қызметтен босатылады.

             2. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу
                          орындарының өкiлеттiгi

      5. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде құрылымы мен штаттарын дербес анықтайды, жекелеген нормативтер бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерi мен шарттарын белгілейдi.
      6. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз:
      1) олардан алынатын кiрiстерге өздерiнiң Жарғыларына сәйкес дербес иелiк ететiн, бiлiм беру, ғылыми-өндiрiстiк және заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтiң есебiнен қаржы және материалдық құралдардың қосымша көздерiн тартады;
      2) орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша оқыту, ғылыми және әдiстемелiк қызметтер саласында өз нормативтерiн әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және iске асырады;
      3) кәсiптiк жоғары бiлiмдi кадрлар даярлаудың бiлiмдiк, ғылыми және әдiстемелiк саласында негiзгi тұжырымдамалық ережелер әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
      4) кәсiптiк жоғары бiлiмнiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтайды, оларды оқыту мерзiмдерi мен нысандарын белгiлейдi;
      5) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бейiнi бойынша бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады;
      6) негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша шетелдiк ұйымдармен тiкелей шарттар мен келiсiм-шарттар жасаса, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құра, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатыса алады;
      7) оқытушыларға доцент пен профессор атақтарын тағайындау кезiнде қорытынды сараптама жүргiзедi.

             3. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу
                          орындарының мiндеттерi

      7. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орны мiндеттi:
      1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық бiлiм беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, кәсiптiк жоғары бiлiмнiң ұдайы жоғары деңгейiне кепiлдiк беруге;
      2) жоғары оқу орнының әрбiр студентiнiң, оқытушысының және қызметкерiнің жеке тұлғасын бiлiм алу, рухани, мәдени және санаткерлiк дамуы үшін неғұрлым жоғары жағдайлармен қамтамасыз етуге;
      3) бiлiм беру және өзге де қызмет көрсетулерге ақы төлеуден алынатын қаражат пен кiрiстердi оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, кәсiптiк жоғары бiлiм мазмұнының сапасын арттыруға, инновациялық бiлiм беру технологияларын енгiзуге тиiмдi пайдалануды жүзеге асыруға;
      4) әлемдiк ғылыми-бiлiмдiк кеңiстiкте бiлiмнiң, ғылымның, техника мен технологияның дамуына мониторингтi жүйелi жүргiзуге және оларды республиканың жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiне ендiру үшiн бiлiм беру саласының орталық атқарушы органына ұсыныстар енгiзуге.

                   4. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк
                     жоғары оқу орындарын қаржыландыру

      8. Мемлекеттiк тапсырыстың шеңберiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанындағы ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарында мамандар даярлау студенттердiң бiлiм грантының немесе несиесінің мөлшерiн айқындаған кезде оқытуға арналған нақты шығындарды ескеретін жеке норматив бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      9. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн және ерекше мәртебесi бар

республикалық мемлекеттiк мекемелер шығыстардың жеке сметалары бойынша 
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
     10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесi бар 
мемлекеттiк жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу 
жалақылар мен тарифтiк ставкалардың белгiленген мөлшерлерiне 1,75 арттыру 
коэффициентiмен жүзеге асырылады.
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.