1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн бекiту туралы (сипаттамасы)" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 429 P940429_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 191-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiнде (сипаттамасы):
2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "КАZАКНSТАN" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 7-тармақтарда "Kazakstan" деген сөз "Каzакhstаn" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 P960087_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 16, 29-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсiнде (сипаттамасы): 2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "KAZAKHSTAN" деген сөзбен ауыстырылсын; 3 және 8-тармақтарда "Каzакstаn" деген сөз "Kazakhstan" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Елдің ағылшын тілінде жазылған бұрынғы атауы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері, сонда көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін күшін сақтайды. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.