Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде кеден-тариф саясатын жетiлдiру және ықпалдастық процестердi дамыту мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
     2. Қоса берiлiп отырған:
     1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
     2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
     3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің        
2001 жылғы 1 қарашадағы            
N 1388 қаулысымен               
бекітілген                   

  Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы           Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                              төраға

Жақсыбеков                  - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы           Индустрия және сауда министрi,
                              төрағаның орынбасары

                Комиссия мүшелері:

Мусина                     - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы              Ауыл шаруашылығы вице-министрi 

Сахипова                   - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Нұрғайша                     министрлiгі Санаткерлiк меншiк
                             құқықтары жөнiндегі комитетiнiң
                             төрайымы

Өтебаев                    - Қазақстан Республикасы 
Мүсiрәлi Смайылұлы           Парламентiнiң Сенаты Экономика,
                             қаржы және бюджет жөнiндегi
                             комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) 

Милютин                    - Қазақстан Республикасының
Александр Александрович      Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
                             (келiсiм бойынша) 

Ержанов                    - Қазақстан Республикасының
Аманияз Қасымұлы             Кедендiк бақылау агенттiгi

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы          және сауда вице-министрi, хатшы

Белоног                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович       сақтау вице-министрi - Қазақстан
                             Республикасының Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгерi

Лавриненко                 - Қазақстан Республикасының
Юрий Иванович                Көлiк және коммуникациялар бiрiншi
                             вице-министрi

Тiлеубердi                 - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Бескенұлы             Сыртқы iстер вице-министрi

Әйтекенов                  - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медiбайұлы            Экономика және бюджеттiк
                             жоспарлау вице-министрi

Жандосов                   - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы                  Табиғи монополияларды реттеу және
                             бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
                             агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм
                             бойынша)

Оразалинов                 - Қазақстан Республикасының
Дулат Сұлтанұлы              Ақпараттандыру және байланыс
                             жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                             орынбасары

Iзмұхамбетов                - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы       және минералдық ресурстар бiрiншi
                              вице-министрi

Рябченко                    - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич              бiрiншi вице-министрi

Өзбеков                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы           вице-министрi

Ашитов                      - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы          және халықты әлеуметтiк қорғау
                              вице-министрi

Әбдiқадырова                - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Айман Нұрқасымқызы            және ғылым вице-министрi

Ысқақов                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдаұлы             ортаны қорғау вице-министрi

Стамқұлов                   - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Ұбайдолла Мырзағалиұлы        вице-министрi

Досмұқаметов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қанат Мұхаметкәрiмұлы         рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу
                              және қадағалау жөнiндегi агенттiгi
                              төрағасының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)

Тортаев                     - Қазақстан Республикасының Статистика
Бауыржан Қадырұлы             жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                              орынбасары

Айманбетова                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Гүлбану Зарлыққызы            Банкi төрағасының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)            
       ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.23. N 462  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1115   қаулысымен.  
       ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 506   қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.10. N 1120   қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.07.02. N 733   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы         
Yкiметiнiң                
2001 жылғы 1 қарашадағы         
N 1388 қаулысымен            
бекiтiлген                

  Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және
халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады. 
      2. Комиссияның мақсаты кеден баждарының қолданыстағы ставкаларының мөлшерiн белгiлеу, күшiн жою немесе өзгерту жөнiндегi 
ұсыныстарды қоса алғанда, кеден-тариф саясаты және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ олардың халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне сәйкестiгін қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар тетiгіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына қажетті өзгерiстер мен нақтылаулар енгiзу туралы iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау болып табылады.
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 
      республиканың экономикалық мүдделерiн негізге ала отырып және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келiсiм, Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы  шарт , Еуразия экономикалық қоғамдастығын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы  шарт , Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған Экономикалық саясат  меморандумы  шеңберiнде Қазақстанның қабылдаған халықаралық мiндеттемелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының кеден-тариф саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      Қазақстан Республикасының кеден тарифтерi жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу және ұсыныстар дайындау; 
      ЕурАзЭҚ шеңберiнде екi жақты және көп жақты келiссөздерде кеден-тариф мәселелерi жөнiнде Қазақстанның келiсiлген ұстанымын дайындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ), сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерге қосылуының шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру процесiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      кеден-тариф саясаты мәселелерi бойынша мүдделi мемлекеттiк органдарды халықаралық экономикалық ұйымдар қызметiнiң негiзгі бағыттары, симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру және өткiзу, жарияланымдар дайындау және ықпалдастық процестерiн дамыту бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен өзара сауда шарттарын реттеу, ЕурАзЭҚ шеңберiндегі ұлттық заңнаманы үйлесiмдi ету мәселелерi бойынша ЕурАзЭҚ органдарының шарттары мен шешiмдерiнiң жобаларын келiсу жөнiнде ұсыныстар енгізу болып табылады. 
      4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын  және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң актілерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

  2. Құқықтары

      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шеңберінде: 
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың кеден-тариф саясаты және оның халықаралық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      заңнамамен белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн ақпаратты сұратуға және алуға; 
      Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметiне қатысуымен байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми мекемелердi, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға құқылы. 

3. Қызметiн ұйымдастыру

       6. Комиссияның органдары: Комиссияның жұмыс органы, Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы болып табылады. 
      7. Комиссияға төраға басшылық жасайды, ол Комиссия жұмысына жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершілік алады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады. 
      8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысымен бекiтiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1115  қаулысымен.   
      9. Комиссия хатшысы Комиссия мәжiлiстерінің күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және мәжiлiстер өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесi болып табылмайды. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органының қызметкерi болып табылады және оны жұмыс органының бiрiншi басшысының ұсынуы бойынша Комиссия төрағасы тағайындайды. 
      10. Комиссия мәжілістерi қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi. 
      11. Комиссия төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс мәжiлiстерiн шақырады. 
      12. Егер Комиссия мәжiлiсiне оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссия мүшелерi мәжiлiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады. 
      13. Комиссия мәжiлiстерi ашық болып табылады. Төрағаның шешiмi бойынша жабық мәжiлiстер өткiзiлуi мүмкiн. 
      14. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірген жағдайда, жазбаша түрде берілуі және хаттамаға тіркелуі тиіс. 
      15. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерімен келісім бойынша мәжілістердің күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орнын және уақытын айқындайды және нақтылайды. 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       
2001 жылғы 1 қарашадағы             
N 1388 қаулысына                
қосымша                     

  Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

       1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кiруi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 8, 58-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 910  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 296-құжат). 
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 453  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 138-құжат). 
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2015  қаулысы
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 35  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 10-құжат). 
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 520  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 183-құжат).
     7. "Кеден одағы негiзiнде Халықаралық экономикалық ұйым қалыптастыру жөнiндегi жарғылық құжаттардың жобаларына ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 106 өкiмi.