Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қазан N 1384

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227 P001227_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 420-құжат);
      5-тармақтың 1) тармақшасының 3-абзацы алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 904 P010904_ қаулысына:

     1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
     "3) осы қаулының тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика 
және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау 
жөнiндегi комитетiнiң (Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi 
аумақтық органдарының - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                        2001 жылғы 31 қазандағы
                                        N 1384 қаулысына қосымша
                                   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                         2001 жылғы 2 шiлдедегi
                                       N 904 қаулысымен бекiтілген

        Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 
     Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң      
   (Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегі аумақтық органдарының -   
                          мемлекеттiк мекемелерiнiң
                                  ТIЗБЕСI
     
1. Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Көкшетау қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
2. Астана қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Астана қаласы  
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
3. Ақтөбе облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Ақтөбе қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
4. Алматы облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Талдықорған қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
5. Алматы қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Алматы қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
6. Атырау облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Атырау қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың      - Өскемен қаласы
   мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
8. Жамбыл облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Тараз қаласы
   қадағалау жөнiндегi басқармасы
9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың      - Орал қаласы
   мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
10. Қарағанды облысы бойынша Мемстандарттың           - Қарағанды қаласы
    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
11. Қостанай облысы бойынша Мемстандарттың            - Қостанай қаласы
    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
12. Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың           - Қызылорда қаласы
    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
13. Маңғыстау облысы бойынша Мемстандарттың           - Ақтау қаласы
    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
14. Павлодар облысы бойынша Мемстандарттың            - Павлодар қаласы
    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы
15. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша                - Петропавл қаласы
    Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
    жөнiндегi басқармасы
16. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша                 - Шымкент қаласы
    Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау
    жөнiндегi басқармасы
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.