Механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 қазан N 1378. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.10. N 285 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін әрбір тіркелетін (қайта тіркелетін) механикалық көлік құралына немесе тіркемеге, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын алуға алым ставкалары айлық есептік көрсеткіштің төрттен бірі мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі