Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қазан N 1373

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын. 

      2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындалсын. 

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік үйлерін пайдалануға беру және жабдықтау функцияларын орындау болып айқындалсын. 

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-13-жолмен толықтырылсын:
      "21-13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық Армия үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны                                         Алматы қаласы".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі