Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N 1365

Қолданыстағы
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Z952200_ Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
      реттік нөмірі 5-жолдағы 3-баған "уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:
      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлімі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
      "25. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";
      "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын

жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 
21-тармақпен толықтырылсын:
     "21. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, 
пайдалану және жою.";
     "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет лицензияланатын 
жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 
9-тармақпен толықтырылсын:
     "9. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, 
пайдалану және жою.".
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі
    
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.