1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын
моральдық көтермелеу шарасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
алғысы болып табылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғысын (бұдан әрі -
Алғыс) жариялау үшін мыналар:
1) Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы және тиімді қызметі;
2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындауы, мүлтіксіз мемлекеттік
қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған айрықша
маңызды және күрделі тапсырмаларын орындауы;
4) Қазақстанмен достық қатынастарды дамытудағы зор үлесі;
5) Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуі негіз болып табылады.
3. Алғыстың ресми мәтіні:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды;
3) оны Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген басқа да лауазымды
адамдар тапсырады.
4. Алғыс:
1) азаматтың еңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне
(қызметтік тізіміне), әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына
енгізіледі;
2) Премьер-Министр Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінде тіркеледі.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.