Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алтын әскер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қазан N 1349

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алтын әскер" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Казимпэкс" республикалық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп оны қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерін энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы мен тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру деп айқындасын;
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 479-жол алынып тасталсын;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-19-жолмен толықтырылсын;
      "21-19 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Казимпэкс" республикалық орталығы" ЖАҚ";
      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы

 

салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін

республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің

және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:

     мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 242-жолмен

толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

     242 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Казимпэкс"

республикалық орталығы" ЖАҚ".

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.