"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қазан N 1304

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Бақыршық тау-кен металлургия комбинатының кредиторлық берешегін өтеу және оны кейіннен тарату шартымен "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 30 пайыз үлесі берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгеріс пен

 

толықтыру енгізілсін:

     1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

495-9-жолмен толықтырылсын:

     "495-9 ШҚО-001271 "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС";

     2) "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі

туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1026



P991026_


  қаулысына:

     2-тармақтың 2-тармақшасы алынып тасталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі