Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 1296

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. "Iрi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк мониторингiн енгiзу туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қазандағы N 1631  

P991631_

  
қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Электронды мониторингке жататын 
кәсіпорындардың тiзбесiнде:
     реттiк нөмiрлерi 7, 67, 69, 96, 104, 137-жолдар алынып тасталсын;
     реттiк нөмiрлерi 65, 68, 109, 189, 199-жолдар мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "65 "Тараз Су" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Жамбыл облысы";
     "68 "Қазфосфат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Жамбыл облысы";
     "109 "Арқалық ЖЭО" мемлекеттiк кәсiпорны Қостанай облысы";
     "189 "Эйр Қазақстан" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы Астана қаласы";
     "199 "Павлодар мұнай-химия зауыты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы 
Павлодар облысы";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 215-220-жолдармен толықтырылсын:
     "215 "Қазтрансгаз" жабық үлгідегi акционерлiк қоғамы Алматы қаласы;
     216 "Алаутрансгаз" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы Алматы қаласы;
     217 "Қазақстандық телекоммуникациялар" жабық үлгiдегi акционерлiк 
қоғамы Алматы қаласы;
     218 "Екiбастұз энергия орталығы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы 
Павлодар облысы;
     219 "Өркен" жауапкершілігi шектеулі серiктестiгi Қостанай облысы;
     220 "Шымкентәйнек" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi Оңтүстiк 
Қазақстан облысы".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді:
     
     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.