1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Z952444_ заңнамада белгiленген тәртiппен сенiмгердiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша ақша мен бағалы қағаздарды басқару жөнiндегi сенiмгерлiк (трастылық) операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Даму Банкi) беру ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Даму Банкiне (келiсiм бойынша) кейiннен сатып алу құқығынсыз жарғылық капиталының 100 пайызы мөлшерiнде Эксимбанк акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмгерлiк басқаруға берудi жүзеге асырсын; K990409_ U952721_ V980676_
2) сенiмгерлiк басқаруға арналған шарттың ережелерiнде сенiмгерлiк басқарушының:
екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген несиелер бойынша, Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген несиелер бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiрiп алу жөнiндегi Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттерiн "Медетшi қоры" жабық акционерлiк қоғамына (келiсiм бойынша) беру;
2001 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аудиторлық ұйымның Эксимбанктiң аудитiн жүргiзуi;
2001 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Эксимбанктің активтерін және шартты міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі міндеттемелерін көздесін;
3) Даму Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп, эксимбанк акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқару мерзімі өткенге дейін Эксимбанктің одан әрі қызметі жөніндегі есепті және ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырсын.
3. Даму Банкі (келісім бойынша) сенімгерлік басқаруға арналған шарт
жасасқан күннен бастап бір ай мерзімде Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы
секторына арналған Бағдарламалық заемының бірінші траншын игеру шеңберінде
берілген несиеге Эксимбанктің одан әрі қызмет көрсетуі туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне ұсыныс жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.