Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қазан N 1290

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 461-11-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі