Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1282 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21  N 279  Қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
      "Алматы облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "Тамғалы кешені,      Жамбыл ауданы,
     қола заманы           Қарабастау кентінен
                           4 шақырым жерде        археология".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі