1. Астана қаласында 2001 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің ІІІ Форумын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған, Қазақстан әйелдерінің ІІІ Форумын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне осы шараны өткізуге, оның ішінде Қазақстан әйелдерінің ІІІ Форумына қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылған адамдардың тұруына 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 650000 (алты жүз елу мың) теңге сомасында қаражат бөлуге
рұқсат етілсін. 4. Облыстардың және Алматы қаласының әкімдеріне Қазақстан әйелдерінің ІІІ Форумына қатысушылардың іссапар шығыстарын тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізу ұсынылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 қазандағы N 1277 қаулысымен бекітілген Қазақстан әйелдерінің ІІІ Форумын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Самақова - Қазақстан Республикасының Айткүл Байғазықызы Министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, төрағаның орынбасары Мұстафина - Қазақстан Республикасы Сәбила Сапарқызы Министрінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Хатшылығының меңгерушісі, хатшы Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Әбусейітов - Қазақстан Республикасының Қайрат Қуатұлы Сыртқы істер вице-министрі Әйімбетов - Қазақстан Республикасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары Арғынғазин - Қазақстан Республикасының Әнуарбек Арғынғазыұлы Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісім бойынша) Ақанаева - Біріккен Ұлттар Ұйымының Әсия Борисқызы "Гендер және даму" бюросының директоры (келісім бойынша) Бексұлтанов Мәди - "Қазақстанның болашағы үшін" республикалық жастар қозғалысының төрағасы (келісім бойынша) Досқалиев - Қазақстан Республикасы Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы Ықсанова - "Хабар агенттігі" жабық Гүлнәр Мұстахымқызы акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) Қасейінов - Қазақстан Республикасының Дүйсен Қорабайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Коржова - Қазақстан Республикасының Наталья Артемовна Қаржы вице-министрі Нәлібаев - Қазақстан Республикасының Әбдіхалық Зәкірұлы Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Мұқашев - Қазақстан Кәсіподақтар Сиязбек Өнербекұлы федерациясының төрағасы (келісім бойынша) Мұхамеджанов - Астана қаласы әкімінің Төлеген Мұхамеджанұлы орынбасары (келісім бойынша) Өмірбаева - Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Күмісжан Сағындыққызы гуманитарлық университеті ректорының кеңесшісі (келісім бойынша) Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі Иван Иванович істер вице-министрі Сәрсембаева - Қазақстанның Іскер әйелдер Раушан Бергібайқызы қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Сиврюкова - Қазақстан Үкіметтік емес Валентина Андреевна ұйымдары конфедерациясының президенті (келісім бойынша) Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.